0 дауыс
23.9k көрілді
Сөз жауһары (мақал-мәтелдер туралы) шығарма керек боп тұр?

2 жауап

0 дауыс

Сөз жауһары — мақал-мәтел

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мақал – даналық мәйегі.

Інжу – маржан асыл сөз.

Мақал мен мәтел – ғасыр шежіресі.

Мақал – сөз атасы.

Қорытынды бөлім.

«Тілімізде жаман сөз жоқ, кінә – сөзді орнына қолдана білмейтіндердің

өздерінде, әр сөзге сөйлемдегі өзінің таңдаулы,

талғаулы орындарын дұрыс тауып бере білсе,

жай сөздің өзі де поэтик тілдің рөлін атқарады.»

Қажым Жұмалиев

Ата-бабаларымыздың осы уақытқа дейін небір асыл мұралар қалды десеңізші!Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде-ақ ерекше мән берген. Ғасырдан-ғасырға жетіп, бірден-бірге ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз-әңгімелер, мақал-мітелдер, жазба деректер осының айғағы. Қай халықтың тарихына үңілсек те, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты керемет асыл сөздерді табамыз. Сол асылдардың бірі – мақал мен мәтелдер.

Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдегі әр түрлі құбылыстар туралы түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

«Сөздің көркі — мақал»деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Ол – бабамыздың қалдырған ақыл-өсиеті, мұраты, нақыл сөздері.

Ақын-жазушылар шығармаларының сөздері де мақалға айналып жатады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы «Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» сияқты сқздері бүгінде мақал болып кеткен,

Мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтандырады, жақсылыққа тәрбиелейді. Ең алдымен, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа шақырады, еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, жақсылықты, адамгершілікті дәріптеп, насихаттай отырып, оған қарама-қарсы негіздегі арамдық, қараулық, өтірік-өсек, жалқаулық, екіжүзділік секілді теріс өрескел мінез-қылықтарды сынайды. Жамандықтан өзімізді безіндіреді. Оған: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» мақалы дәлел бола алады. «Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның ырысы» деп, еліміздің ырысы ассын десек, жақсы адам болуды дәріптеуіміз керек.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Бірақ барлығы да өнегелі сөз мәйектері, жақсылықтың негізі, игіліктің көзі. Олардың кейбіреуіне тоқталып, мағынасын ашпай кету мүмкін емес.

«Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деген сияқты мақал-мәтелдер туған жердің қадірін білуге, оны аялауға, туған жердей жер болмайтынына көзіңді жеткізеді, түсіндіреді.

Бір-екі ауыз сөзге толық, маңызды таудай мағынаны сыйғызуын айтсаңызшы! Игілікті уақытты ардақтап, еңбек етуге байланысты мақалдар да жеткілікті . Қазіргі біздің заманымызда ерінбей еңбек етудің,тыным таппай білім алудың маңызы зор. «Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке», «Еңбек етсең емерсің», «Ер дәудеті – еңбек» деп дәулетке, береке мен мерекеге жетудің жолы – еңбек ету екені байқалып тұр.

Игра для взрослых мужиков, не для детей! Здесь такое творится...
Только после смерти Фриске обнаружили, что рак вызвало...
Случившееся на могиле Жанны на 40-й день со дня смерти ошарашило всех...
Выкидывайте немедля! Продукт, который несет рак, есть у всех на кухне!

Мақал-мәтелдің енді бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты туған. Халық ерлік пен елдікті бірдей көрген. Бұған өмірден өткен небір батыр, ер жүрек аталарымыз бен апаларымыз жетерлік. Жастарға «солардай болыңдар» деген мағына, өсиет ерлікке байланысты мақалдарда сайрап жатыр. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Елі жоқ жер жетім, ері жоқ ел жетім» деп, ерсіз елді жетім деп бағалайды, ендеше, біздің де әр заманның өзіне лайық батырларымыз туа берсін, ырысымыз мол болсын, еліміз ерлерімен көрікті болсын деген тілегіміз мол.

Халқымыздың кеңпейілділігі мен ақжарқындылығы, жеріміздің кеңдігі, байлығымыздың молшылығы бейне бір аналарымызды ақпейілділігімен ұласып жатқандай. Ананың өмір гүлі екендігі төмендегі мақалдардан көрінгендей. «Ананың тілі – бал», «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды», «Баласыз ана — гүлсіз алма», «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» деген мақалдардан біз қаншама өнеге, ғибрат, ғажайып бір сезім аламыз.

Еліміздің басшысы үнемі айтып жататын , тәуелсіз елдің азаматтырының барлығының саналарына құйғысы келетін бір мақалы – «Білімді мыңды жығар». Иә, бұған кім қарсы шыға алады. Бар-жоғы үш-ақ сөз. Бірақ қандай өнегелі өсиет десеңізші! Сонымен қатар, «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні – қаріп», «Ақыл азбайды, білім тозбайды», «Оқу — білім азығы, білім – ырыс қазығы», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп білімнің маңызын мақалдар арқылы ерекше жеткізеді.

Мақал-мәтелдарді қазіргі өмірмен байланыстыра отырсақ, ойымызға тіл туралы мақал-мәтелдер оралады. Өйткені қазір өмірде көріп жүргеніміздей қаны қазақ қара көздер орысша мен қазақшаны шұбарлатып жатады. Тілдің құдіреттілігі «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар» деген мақалдардан көрінеді.

Соңғы кезде жастар өздерінің әдепсіз қылықтарын мақал-мәтелдермен шендестіріп, «дұрысап» жүр. Мысалы, оқуға кеткен баласы адам тынығысыз, беті-аузын жүн басып, үстіне жамау-жамау шалбар киіп келеді. Әкесі әрең танып, «Балам-ау, не боп кеткенсің?» деп сұраса, баласы: «Әке, сөз көркі – мақал, жігіт көркі – сақал», «Мақал көркі сөз, жігіт көркі – бөз» деп жауап беріпті.

Асылы, мақал-мәтелді орнымен, дұрыс қолдануда олақтыққа ұрынбай, тартымды, мәнерлі де әсерлі тілмен сөйлегенге не жетсін, шіркін!

0 дауыс

Мақал – сөз мәйегі

Халықтық психологияда ғасырлар бойы жинақталып, жүйеленген ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі сөз болады. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология деп аталатын ғылым саласы айналысады.

Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде мол. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты зерттеу обьектісі болып табылады. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап, ойлауда маңызды рөл атқарады.

Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі, орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақсы бейнеленген.

Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу т.б. үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.

...