0 дауыс
548 көрілді
Қайырлы кеш, сұрақ-жауап қолданушылары! Арамызда IELTS тапсырғандар болса, маған ол жайлы толық ақпарат бересіздер ме?

1 жауап

0 дауыс
Тіркелу процесі: Бритиш Консул Қазақстан сайтына кіріп, емтихан уақытын, өтетін қаласын (Алматы немесе Астана) таңдап, тіркелесіз. Кейін сіз тіркелгендігіңіз жөнінде электронды хат аласыз. Сол хат келгеннен соң, белгілі бір уақыт ішінде(қателеспесем, 5 күн) емтихан бағасын Алматыдағы немесе Астанадағы Бритиш Консул Қазақстан офистерінің біріне тапсырасыз. Емтихан бағасы - 25 500 теңге. Төмендегі көрсетіоген сілтемеге кіріп, онлайн тіркеле аласыз және басқа да ақпараттарды сол жерден тапса болады.

Емтихан жайлы: IELTS 4 бөлімнен тұрады: Speaking, Reading, Writing, Listening. Соңғы 3-еуі бір күнде өтеді, Speaking бөлек уақытта өтеді. Ең жоғары балл - 9. Соның 6-ауын алса жақсы болып есептеледі.

https://ielts.britishcouncil.org/kazakhstan
...