0 дауыс
5.7k көрілді

Компьютер тышқанды кім ойлап тапқан?

мышка, компьютер

1 жауап

+1 дауыс

Біз олданып жүрген компьютерлік тышқанды Даглас Карл Энгельбарт ойлап тапқан. 1968 жылы өзінің өнертабымы үшін ол жұмыс берушілерінен 10 Ақш долларына берілген чек алған. Ал 2000 жылдың 1 - желтоқсанында Дуглас Энгельбарт Технологиялар төсбелгісімен (National Medal of Technology)марапатталған. Бұл- АҚШ үкіметінің ең жоғарғы марапаты.

Компьютер қолданушыларының арасында Билл Гейтстің есімі кең таралған. Иә, қазіргі заманауи компьютерлердің жұмыс істеуі сол кісінің арқасында десек те, артық емес. Бірақ қазіргі заманауи компьютердің пайда болуына тек бір адамның еңбегі түрткі болмады. Неге тышқанды ойлап тапқан адамның есімін білмейміз? Оның да жасаған еңбегі бар емес пе? Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін біз компьютер тарихын парақтап, тышқанды ойлап тапқанадам туралы айтпақпыз.

Мына мақаланы тышқан құрылғысын ұстап алып, оқып отырған боларсыз. Солай емес пе? Олай болса, заманауи тышқанның прототипі Дуглас Карл Энгельбарттың құрылғысы туралы кеңінен білгеніңіз жөн.

Карл Дуглас 1925 жылы 30 қаңтар күні Портленд қаласының маңында дүниеге келген. Балақай жергілікті мектепті бітіргеннен кейін, сол жердегі инженер-электр мамандығы бойынша университетке оқуға түседі. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс жас жігіттің жоспарын түгелдей өзгертеді. Дуглас Карлфиллиппиндік әсери теңіз базасына түсіп, радиотехник мамандығы бойынша борышын өтеді. Сол кезде Дугластың қолына есептеуіш машиналардың маманы Ванневар Буштың "Ойлау қабілетіміз каншалықты тез" атты мақаласы түседі. Бұл мақалада автордың адам баласының жады мен сыртқы ақпарат тасушылардың айырмашылығы жайлы жазылған ой-толғаныстары айтылады. Мақалада жазылған ойлар Дуглас Карлға фантастика болып көрінгенімен, ол сол тақырыпқа қатты қызығып кеткен екен. Бұған қарамастан, бұл мақала күрделі техникалық әскери мәселелерді шешіп, жаңа құрылғыларды ойлап табуға итермеледі.

Соғыс аяқталғасын Энгельбарт туған жеріне оралады. Сол жерден оны NACA(кейін NASA деп өзгертілді) зертханасына алып кетіп, электротехник мамандығы бойынша жұмыс береді. Жаңа тұрақты жұмысы пайда болғасын Дуглас Карл Калифорния штатына көшуді жөн санайды. Университетті бітіргеннен кейін, 1995 жылы Дуглас арманына қадам жасай бастайды. Оның бар арманы компьютердің дамуына септігін тигізу еді. Ол NASA-дан кетіп қалып, электротехник профессорының орынбасары болады. Әскерилердің тарапынан қаржыландырылған CALDIC атты суперкомпьютердің жобасының пайда болуына белсенді түрде атсалысты. Бір жылдан кейін Энгельбарт Стенфордтың ғылыми-зерттеу университетінде өз жобаларын коммерциялық жолға қоюды іске асыра бастағанымен, оның ойлап тапқан газды-плазмалық сандық құрылғысы мен 12 магнитті жады аппараттарын сату сәті түспеді.

Компьютерлік тышқанның пайда болуы

Алғашқы компьютерлік тышқан "Х және Y позицияларының индикаторы" деген атауға ие болатын. Бұл құрылғы ARPANet Network Information Centerжобасы іске асып жатқан кезде пайда болды.

Сол кезде қолданыста болған манипулятор жұмыс істеуде ыңғайсыз әрі өлшемі жағынан үлкен болғандықтан, Дуглас Карл жаңа құрылғыны ойлап табуды көздейді.

Қарапайымдылығы мен тиімділігімен көзге түскен құрылғыны Дугластың әріптестері белсенді түрде жетілдіре бастайды. Кейін Билл Инглиштышқанның жұмыс істейтін нұсқасын халық назарына ұсынған. Қазір бұл құрылғыға қарасақ, тышқан деп айту қиынға соғып тұр. Энгельбарттың тышқаны ағаш корпус пен темірден жасалған дөңгелектермен жабдықталды. Бұған қоса, құрылғыда қызыл пернесі болды. Бірақ 40 жылдан кейін бұл құрылғы миллиондаған компьютер қолданушылардың нағыз көмекшісіне айналды.

Жобаны Энгельбарт 10 мың долларға сатып, кішкентай ғана үйді сатып алды.

...