+4 дауыс
4.4k көрілді
Қазір жасым 13. осы жаста намаз оқуға болама?

11 жауап

+1 дауыс
Машаллах. Эльмира қыз балаға балиғат жасы 9жас пен 12жас аралығында болғандықтан Аллах парыз еткен амалды бастай берiңiз. Ниетiңiз қабыл болғай.
–1 дауыс
Қартайған кезде де оқысаң боладығо.
0 дауыс
Дымда ақыл сұрамай сол туралы өзің дұрыстап Ойланып көрші!
+1 дауыс
Ата-анаңыздан сұрап көріңіз.Оқи бер деп айтаса, бастауға болады.
–1 дауыс
Ерте ғой әлі. Сен әлі Ислам деген не екенін түсінбейсің. Құранда жазған: біліп қана кел- деп.
Әуелі сауатты жазуды мақсат етсең болады. "болама" бөлек жазылады. "бола ма" - деп.
+2 дауыс
Намаз оқудың ерте-кеші жоқ. Ниетің болса, оқи бер.
+1 дауыс
Қыз балаға 9 жастан бастап оқи беруге болады.
+1 дауыс
Ия негізінде валиғат жас қыздардыкі 9 жастан ұлдардыкі 13 жастан басталады АТА-АНАҢЫЗБЕН ақылдасыңыз бірақ мен бұл шешіміңізді қолдаймын
+1 дауыс
арине озиннин ниетин болса
+1 дауыс

Мен өзім жасқа толған күнімнен бастап оқығанмын.Қыздарға 9 жастан бастап намаз оқыған парыз ғой.Сенікі қайта кеш болып барады.Ертерек ниетің бар болса бастай бергенің дұрыс.

«Намаз – иманның басы және жаһаннамнан құтқарушы болып табылады.» 

Хазреті Сәйид Абдулхаким Аруаси былай деген: Намазын оқымаған адам бәрінен де бұрын бүкіл мұсылмандарға зұлымдық еткен болады. Өйткені намазда «Әссәләму аләйна уә ала ибадиллаһиссалихин» деп айтумен бүкіл мұсылмандарға дұға етіледі. Намаз оқымаған адам күнделікті бес уақыт намазда сүннеттерімен бірге 21 рет қайталанатын бұл дұғадан мұсылмандарды махрұм қалдырады. Қияметте бүкіл мұсылмандар бұл ақыларын намаз оқымағандардан алады. Намазға мән бермей немқұрайлы қарайтын, қадірін білмей, жеңіл қарайтын адамдар көптеген жазаларға ұшырайды: Өмірлерінің берекесі болмайды. Әр түрлі аурудың, төмендіктің, масқаралық пен қорлықтың ішінде өмір сүреді. Салихтерден құрмет көрмейді. Әр түрлі мұқтаждықтарға және қиыншылықтарға тап болады. Денсаулығының пайдасы, берекесі болмайды. Намаз оқымайтын немесе намазға мән бермейтін адамдар көбінесе жаман жерлерде жұмыс істейді. Шаршататын, жалықтыратын, ауыр жұмыстарда да осындай адамдар жұмыс істейді. Намазын дұрыс оқитын адам әрі салихтердің қатарында, әрі достарының, туған-туыстарының арасында сыйлы болады. Намаз оқитын адамда жаратылысындағы әдеміліктен басқа бір әдемілік, ажар, нұр және жамал болады. Намаз оқымайтын адам қаншалықты әдемі болуға, сәнденуге тырысса да, күнде жуынып, жаңа киімдер кисе де ондай әдемілікке қауыша алмайды. Намаз оқитын адамның жүзі әдемі болады. Ұзақ уақыт жуынбаса да, киімін алмастырмаса да, денесі мен киімінен жағымсыз иістер шығып тұрмайды. Ал намаз оқымайтын адам жиі-жиі жуынып, киімін алмастырып тұрса да, ондай пәктікке қауыша алмайды. Күніне бірнеше рет садақа берсе де, жетімдерді қуантса да, тойдырып киіндірсе де, бірнеше күн Құран кәрім оқыса да, жыл сайын қажылыққа барса да және осыған ұқсас ғибадаттарды, жақсылықтарды жасаса да ешқандай сауап ала алмайды. Аллаһу та’ала ол уақыттарды намазға тән қылғандықтан намазбен ғана өткізу керек. Егер де намазбен өткізбесе, ондай адамдардың істерінде қайыр мен береке болмайды және дұғасы да қабыл болмайды. Намаз оқитын адам “Йа Раббым!” деген кезінде Аллаһу та’ала “Ләббәйк – айт, орындалсын!” дейді. Ал намаз оқымайтын адамға “Ләббәйк” демейді. Тек намазын дұрыс оқыған адам ғана қайыр мен берекеге, рахметке (мейірімге) себепші болады. Намазда Адам алейһиссаламнан бастап барлық мұсылмандардың және бүкіл махлұқтардың ақысы бар. Намаз тәрк етілгенде Аллаһу та’аланың рахметі (мейірімі) перделенеді. Аллаһтың рахметінің келмеуіне, үзілуіне себепші болғаны үшін барлық махлұқтар намазын тәрк еткен адамды жек көреді. Олар мұсылмандардың дұғаларының берекесінен махрұм қалады. Өлгенде мазарының қасынан өткен бір мұсылманның оқыған Фатихасынан керегінше пайдалана алмайды. Аллаһу та’ала ондай адамдарды илаһият мақамында ерекше қызмет болып саналатын намазға қабылдамағандықтан, осы маңызды қызметтен қуылған болады. Бұл қызмет үшін берілетін пайдалардан да махрұм қалады. Намаз оқымаған адамның өңі бұзылып, төсек тартып жатып қалады. Үсті-басын, көрпе-төсегін және басқа да нәрселерін кірлетіп ластайды. Тіпті өзіне ең жақын болған туыстары, балалары, әйелі, әке-шешесі де өлімінен жиіркенеді. Ешкімнен құрмет көрмейді. Бұл адам үлкен бір патша болса да, өлім аузында жиіркенішті түрде жан тапсырады.

Ма Ша Аллах өте жақсы жауап берипсиз Алланың нұры жаусын амин
0 дауыс
дұрыс бірақ намазды бастаған соң тастамауға тырысыңызшы көбісі тастап кеттеді ол улкен күнә
...