Бұндай жағдайға ұқсас бір оқиғаны дінтану пәнінен беретін мұғалімім айтқан.
Бұрындары,бір балабақшаға баратын бала,анасымен бала бақшаға бара жатып бір цех па екен,әйтеуір сондай бір жерден өтеді екен.Сол жерден өткен сайын әлгі бала күнде анасына "мен осы жерде жасадым,осы жерде бастық болдым,қарамағымда осындай адамдар жұмыс істеді,осындай күні осындай оқиғалар болды"дегендерді айта береді екен.Сосын бұл баланың анасы "балам неге айта береді екен"деп алаңдап,психолгтарға,дәрігерлерге апарып корсетіп баласының жағдайын айтады екен.Бұған дәрігерлерде таң қалып,бұл мәселенің мән жайын анықтау үшін сол жерге барып,баланың айтқандарын сол жердегі адамдардан сұрастырады.Сонда баланың айтқанының бәрі рас болып шығады екен.Сосын ол кісінің әлгі баланың дүниеге келген уақытында қайтыс болғанын біледі де дәрігерлер "адам қайтыс болғанда жаны жаңа дүниеге келген сәбиге беріледі"деп айтқан екен дейді мұғалімім