Мен жаздыгүні ауылға бардым. Ауылда өте керемет болды. Ауылға барғанда атам үнемі: " Сен неге тек жаздыгүні келесің"- дейді. Сонда мен: "Ендігәрі қыстыгүні, күздігүні, көктемде де келемін" - деп жауап бердім. Атам маған: "Әлдекімдерше жұмсағанда неге жылдам барып келмейсің" - деп айтады. Мен сонда атама: " Ата, енді сіз жұмасағанда құсша ұшып, лезде барып келем"-дедім. Атам риза болып қалды. Бірде атам мені дүкенге баруға жұмсады. Сонда мен атамның айтқанын тыңдап жүгіріп бара жатырғанымда, атам: " ақырын балам, асықпай барып кел" - деді. Мен атамның айтқанын тыңдап асықпай барып келдім.
Мен ауылға барғанда мүлдем ауырмайтынмын, ал қалада болсам әлсін-әлсін ауырып қала беретінмін.
Ауылдағы соңғы күнім еді. Ата-анам түс қайта келеміз деп еді, келмеді. Бәріміз ұйықтап жатырдық, бір мезгілде "тарс-тарс" деген дыбыс шықты. Атам тұрып: " Бұл кім екен, бей-берекет есікті қағып" - деді. Атам есікті ашса менің әке-шешем екен. Басында қатты қуандым, сосын көңілім түсіп кетті, не қуанарымды, не мұңайарымды білмедім. Себебі: Мен енді қалаға кетемін ауылды, атамды сағынатын болдым. Бір жағынан қалада мені достарым күтір жүрген шығар деегн ойда болдым. Осымен жазғы демалысым осылай өткен.
Қалай жақсы шықтыма мәтін? Мен өзім жаздым, осы мәтінді жазу үшін 30 минут уақытым кетті.