+1 дауыс
Тіркеуде (прописка) еш жерде жоқтар айыппұл төлей ме? Төлесе көлемі қандай? Ол туралы қайда жазылған?
13.04.2014 2.0k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 377-бабының төмендегі тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруға әкімшілік санкциялар көзделген:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік он күннен астам мерзімде тiркеуден өтпей тұруы –
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

21.04.2014
0 дауыс
Шамамен 2011ж. соңы немесе 2012ж. басында заң қабылданған болуы керек айыппұл төлейді деген. 2012 жылы 6 айға жуық уақытқа 8 мың тг төледім, қазір өзгеріп кетпесе.
13.04.2014
0 дауыс

Мынаны қарап көріңіз? Толық жазылмаған, бірақ көмегі тиіп қалар.

14.04.2014
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы