0 дауыс
2.8k көрілді

Ит төбелістірген күнә ма,оған шариғат не дейді?

Балдар болып ит төбелестіреміз анау-мынау ит емес питбуль.

Сол қан қан болып жатады бұл дұрыс па? 

Шариғат не дейді?

Егер қатты пікір талас болып жатырса жасырып отырамын,модератормынғын ғой!

Енді иман н/е Қаттани мешітінің сайтына осы сұрақты қойғаным бір түрлі екен!

Өзім қадағалаймын!

Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақтың нақты жауабын таптым.
Қандай сұрақ қойсаңда біртүрлі емес, сұрап үйрену білім.
Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Муслим.кз сайтында осындай бір сұрақ қойылыпты,ал мынау соның жауабы:

Еш себепсіз хайуандарға жапа шектіру, оларды азаптау, оларға қасақана зиян тигізу күнә. Тіпті, құмырсқа екеш құмырсқаны да себепсіз өлтіруге дінімізде тыйым салады. Қиямет күні Алла тағала алдында оларға шектірген зардаптарымыз үшін сұралатынымызды ұмытпаған дұрыс. Нәсәиде келген бір хадисте Алла Елшісі былай дейді:

«Кімде-кім ермек  үшін (ғабәсән) бір шымшықты өлтірген болса, әлгі шымшық қиямет күні Аллаға: «Уа, Раббым! Түгенше мені құр ермекке өлтірді, мені жеу үшін өлтірмеді», – деп шиқылдайды»

Ендеше, иттерді ермек үшін бір-біріне талаттырып қою, осылайша оларға азап шектірудің күнә екендігі сөзсіз.

Оның үстіне ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір сөзінде екі жануарды бір-біріне айтақтатудан тыйған. Әбу Дәуідтің хадис жинағында көрсетілген риуаятта сахаба Ибн Аббас былай дейді:

«Жануарларды бір-біріне айтақтатудан Алла Елшісі тыйды»

Сондықтан, әрбір мұсылман мұндай әрекеттерден тыйылғаны жөн.

Дереккөз

0 дауыс
Ия әрине күнә. Мысалы ол түгiл кептер асырауды дiн құптамайды. Өйткенi бостан-бос уақыт өткiзу дейдi. Ит төбелестiруге ақша салып ойнайтындықтан құмарға айналып, ысырыпқа жол берiледi. Бұл жөнiнде хадистер бар. Менiң нақты хадис келтiрiп жауап беруге дiни бiлiмiм аз әрине. Ондай сұрақты қойған ұят емес, қайта жақсы жауап ала аласың.
Жоқ ақшаға емес,кімнің иті мықты екен деп көреміз әншейін!
Барлық күнәлi iстер нәпсiнiң айтқанына ерiп жасалатынын ескерсек, нәпсiге ерудiң артында лағынет тұр. Шын мәнiнде ит төбелестiрудi қайсысы мықты екен деп емес, қызық көру үшiн, менiң итiм сенiң итiңдi шайнап тастайды деп мақтанып тағы да нәпсiге еремiз.
Белгісіз
дұрысссссс
Белгісіз
...