0 дауыс
46.7k көрілді

2 жауап

+1 дауыс
Жетісу-Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. Қазақ жері батыс пен шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жол торабы іспеттес. Қазақстанның Оңтүстік шығысындағы Жетісу жері-керуен жолының шығысқа шығатын негізгі қақпасы.Жетісу жеріне Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірінші бағыты болған. Жетісу аймағындағы орта ғасырлық қалалар мен бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырдағы қазақ қыстауларының орналасқан жерінен, сондай-ақ шығысқа қарай шығып жатқан тас және темір жолдарының іздерінен байқауға болады.Орта ғасыр қалалары мен қыстаулары Жібек жолы бойына жақын салынған тас және темір жолдары бұрынғы керуен жолдарының іздерімен салынған.Тараз қаласы арқылы Алматыға жеткен.Солтүстік шығыс бағыты Қапшағайдан өтіп Шеңгелді Алтынемел,Дүгене, Қойлық қалаларын басып өтіп Алакөлмен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа қарай өтеді. Үшінші бағыт Тараздан шығып Сарқан жері арқылы Солтүстік – шығыс Қазақстанға бет алады.
0 дауыс
Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасы - Жетісу!!!!!
...