Құстар қайтып келе жатыр! Сөзi:Тұманбай Молдағалиевтікі Көктемді қондырып қанатына, Құс қайтып келеді Алматыма. Ән толды аспанға, Құс қонды жас талға. Бақыт кеп қол алғандай. Құстарды мен тостым, Айғайлап ән қостым, Арманым оралғандай. Қайырмасы: Қуандым жарқылдап, Мәз болдым ән тыңдап, Құшақтап арманымды. Оянған армандай жаз таңында, Келеді құс қайтып аспанымда. Аспаным ашылды, Ән маржан шашылды, Шаттық бар жас жанымда. Оралды арманым, Оралды көктемім, Қол алды достарым да. Қайырмасы: Сағыныш сәлемі – Құс қайтып келеді, Ән салып туған жерге. Келеді аспанда құстар қайтып, Сағыныш арманын ән ғып айтып. Алатау қабылда, Орашы соғымға, Бақыт деп маған келген. Саған кеп қонатын, Сипашы қанатын, Көктемгі майда желмен. Қайырмасы: Көліне ойнасын, Бақытын тойласын, Келді ғой туған жерге. Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей. Құстар, құстар сызылтып ән салады, Сол әнімен тербетеді даланы. Ал, адамдар күліп бастап өмірін, Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады. Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе, Тамаша әнмен келіп еді көктемде. Өскен жерге сыймай кетіп барады, Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады. Сөзі: Тұманбай Молдағалиевтікі Үй құстарының тақпақтары 1. Қазым, қазым, қаңқылда Суда жүзіп саңқылда. Арпа, бидай шашайын, Тойып алып қаңқылда. 2. Мен әтешпін, әтешпін, Жалқаулармен аразбын. Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятып жар салып. 3. Шұбар тауық, ақ тауық, Бола көрме қақсауық. Жерден азық тап, шөжелерді бақ. 4. Сенің атың балапан, Менің атым балақан. Балапандар шоқуда, Балақандар оқуда. Дала құстары 1. Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың Жем шашайын жақын кел, Сонда сен тоңбайсың. 2. Амансың ба, қарлығаш, Адал досым айнымас. Қанатыңның астына, Көктем еріп келді ме? Нәзік жүнің үлпілдеп. 3. Мен кәдімгі қарғамын Өмірде жоқ арманым. Құс ішінде дарамын, Тіршілікті шоламын, Тұғырыма қонамын. 4. Аспанда самғайды Тырналар тізіліп. Біреуі қалмайды, Қатардан үзіліп. Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға қонар қарғалар. Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады. Үйге кірші торғайым Мен аяздан қорғайын. Жем шашамын, жегейсің Үйшік жасап берейін. Келіп көктем құстары, Бау - бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.