+1 дауыс
6.6k көрілді

Ит пен мысық неге бірін-бірі жақтырмайды?

10 жауап

0 дауыс
"Ит пен мысық неге араз?" дейтін бір керемет ертегі бар ғой (білетінде шығарсыз). Бәлкім сол ертегідегі жағдай себеп шығар.
0 дауыс
Не ғо бұрын ит пен мысық тату болған ғо. Сосын бiр күнi екеуi керiсiп сөзге келiп қалған.
0 дауыс
Итке кейбір нәрселер көрінеді, мысалы жын шайтан, соларға қарап үруі мүмкін.
0 дауыс
Туылыстарынан итпен мысық жау қылып жаратқан ғо.
0 дауыс
Олар негізі дос.

+1 дауыс
Қожайындарын қызғанатын шығар. Бірақ, шындығында олардың қандай ит пен қандай мысық екеніне байланысты ғо, адамгершіліктеріне.
0 дауыс
Себебі мысық итті түсінбейді.Ит оған тиіскісі келмейді ал бірақ мысық оны түсінбей қорқып құйрығы түлкейіп кетеді.
+2 дауыс
Ит пен мысық неге өш?
Нұх пайғамбар кемедегі барлық жан-жануар, аң-құс, тірі жанның бәріне:
– Кеме тар, азық өлшеулі. Сыймай кетеміз. Нәпсілеріңді тежеңдер. Бір-біріңмен қосылмаңдар. Оқыста біреуің туып қалсаңдар, өлшеулі дүние жетпей қалады, – деп әмір етеді. Барлық жануар келіседі.
Бірде ит шыдай алмай, түнде жұбымен шағылысып қояды. Оны мысық байқап қойып, пайғамбарға арыз айтады. Нұх:
– Әй, ит, мысықтың айтқаны рас па? – деп сұрайды. Ит:
– Құдай сақтасын! – деп мойындамайды.
– Мысық көріпті ғой?
– Оның іші тар. Менің адаммен достығымды көре алмайды. Жалған айтады, – деп жалтарады. Осы кезде өзге мақұлықтар да:
– Ит өтірік айтпайтын шығар. Ол адаммен бұрыннан дос. Мысықтың пайда болғаны кеше ғана, – дейді. Бәрі жабылып, мысықты келеке етіп, өзін ұятқа қалдырады. Ешкімді сендіре алмаған, мысық итке тісін қайрап кетіп қалады. Одан кейін күндіз-түні аңдығаны тағы да ит болыпты. Бірде ит тағы да түнде жұбымен қосылып қояды. Бақылап тұрған мысық:
– Иә, Алла, бұл ит сенің пайғамбарыңа жалған сөйледі. Мені өтірікші қылды. Құдіретіңмен итті осы жағдайда ұстай тұр. Жұбымен жабысып тұра тұрсын. Мен барып пайғамбарды шақырып келейін. Өзі көрсін. Маған сенсін, – дейді.
Мысықтың дұғасы қабыл болды. Нұх келгенше, ит босай алмай, ұрғашысына жабысып, ыңғайсыз қалыпта тұрып қалды. Мұны көрген Нұх итке ренжиді. Ит осылайша пайғамбардың наласына қалыпты.
Содан бастап иттер шағылысқан кезде бір-бірінен босай алмай жабысып қалатын болыпты.
Иттің айыбын аңдып жүріп ашқаны үшін мысық та жазасыз қалмайды. Нұх:
– Әй, мысық, ескерткенің дұрыс. Оған дау жоқ. Бірақ өзгенің айыбын ашып, елге шашқан жақсы емес. Құдай мұндай істі жек көреді. Әркім өз мінімен әуре болсын. Бұдан былай сен де шағылысқанда өзіңді өзің әйгіле – деп жазалапты. Мысық содан бастап, күйі келгенде мауығып, жан-жағына білдіріп тұратын болыпты.
0 дауыс
Ежелден қалған тәмсілғой. Үйдегі ит пен мысық тату бізде.
0 дауыс
Ертеде ит пен мысық дос болған екеуінде қожасы үйінде асырайтын болған сосын қожасының май тамғам қабында алтыны болған екен бірде ол қап жоғалып қалған сосын ит пен мысықтың жейтін тамағы азаяа бастаған сосын олар алтынды іздей бастаған іздеп жүріп май тамған қаптың иісі шыққансоң екеуі сол қапты іздеп жүріп тышқанның ұясын қазып издей бастаған ит шаршап іздеп мысық ештеңе істемей қарап отырған ит сол алтын салынған қапты тауып алған екен мысықтың алдына мынаны қара деп алдына лақтырып жіберген мысық қожасына иттен бірінші алтында ұрлап апарып берген қожасы қуанып мысығын сипап еркелете берген иті шаршап келіп қожасының аяғына орала бастаған қожасы ештеңе түсінбей итті теуіп жіберген содан кейін мысығын үйіне кіргізіп итті үйіне жолатпаған содан кейін мысық пен ит бір біріне араз боп келе жатыр
...