11билет 1*
2*1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынборгенерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
3* Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі. Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті. Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор. Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән. 90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді. Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-түрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңга барып жүргенде сегіз жастагы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдалангысы келген.
12-билет
1* 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. 1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды. Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған. 14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды. 14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары менШайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған. Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
2* XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығысияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.
3* Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы атажайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
13-билет
1* 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ Күшейген кезі[өңдеу] Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
2*------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
14-билет
1*Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
2*Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:мақсаты, барысы, салдары.Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалықсаясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек. ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды. [1]. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті. 20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді. «Социалистік индустрияландырудың сталиндік жоспары» өзінің ауқымдылық («тарихи қыска мерзімде капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озатын») сипатына орай өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін халықтың тұрмыс денгейі мен тұтыну және тіршілік сапасын айқындайтын саланы дамытуға жұмсалатын қаражатты қысқарту есебінен бұзып жіберді. Тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласын ғана ынталандырып, тұтыну бұйымдарын өндіруді естен шығару елде жаппай «тауарға деген мұқтаждықты» тудырды. Тұтыну тауарларына тапшылықтың әбден күшейіп тұрған жағдайында бюджеттің мүмкіндігі есептелмей жасалған «құлаш-құлаш» жоспарлар бағаның мүлдем шарықтап өсіп кетуіне әкеп соқтырды. Сонымен бірге өнеркәсіпті мемлекет толық өз иелігіне алғандықтан тұтынушыларға да (әсіресе аграрлық секторда) үстемдік жасап, өнеркәсіп өнімдеріне бағаны көтеріп жіберген жағдайлар кездесті, ал ауыл шаруашылығы өнімдеріне мүлдем төмен баға белгіленді: 1927/28 жылы астықтың мемлекеттік бағасы «көлеңкелі нарықтағыдан» 40%-ға дерлік, ал 1928/29 шаруашылық жылында 50%-ға төмен болды. [2]. Бағада қалыптасқан осындай теңсіздіктің нәтижесінде шаруа шаруашылығы өте жоғары салық салу объектісіне айналды. Осы шектен тыс салынған салықтан түскен немесе дәлірек айтқанда «шаруалар сыйының» қаражатын индустрияны дамытуға жұмсау көзделінді. Мұны Сталиннің өзі де мойындады. БК(б)П ОК-нің 1928 жылғы шілдеде өткен пленумында сөйлеген сөзінде: «Кеше бізде не жөнінде айтыс болды? Бәрінен бұрын, қала мен ауыл арасындағы «қайшылық» туралы. Әңгіме шаруаның әлі де өнеркәсіп тауарларына бағаны артық тәлейтіні және ауыл шаруашылығы өнімдерінен пайданы аз алатыны туралы болды. Әңгіме осы өнеркәсіп тауарларына төленетін артық төлемақы мен шаруаның өз онімінен пайданы аз алуды, шаруа шаруашылығына салынатын шектен тыс салықты, былайша айтқанда, индустрияландыру пайдасына жұмсалатын «сыйды» міндетті түрде құртуға тиіспіз, алайда бүкіл еліміз үшін жұмыс істейтін индустриямызды, халық шаруашылығымызды социализмге сүйрейтін индустриямызды ақсатпайық десек, біз құрта алмайтын қосымша күн салығы туралы болды». Одан әрі ол кекесінмен былай деді: «Қайсыбіреулерге бұл ұнамады (бухариндік оппозицияны айтып отыр. — авт.). Несі бар. Бұл әркімнің қалауына байланысты... Әрине, «шектен тыс салық», «қосымша салық» — жағымсыз сөздер, жүйкеге де катты әсер етеді. Бірақ, мәселе, біріншіден, сөзде емес. Екіншіден, сөз шындыққа толық сай келеді». [3]. Мемлекет қолдан жасаған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларына қойылатын «құрдым баға» саясатының кең етек алуы, елдегі тауар тапшылығы мен күйзеліс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін сатудан бас тартуына әкеп соқтырды. Астық қоры бар шаруаның өз астығын арзан бағамен сатуының еш мәні болмай қалды. Сатқан астығына алатын осы азын-аулақ ақшаның өзіне тауар тапшылығынан және өндіріс тауарларының қымбаттығынан, оны сатып алудың еш мүмкіндігі болмады, ақшаны сақтау да өте тиімсіз еді, өйткені оның құны күн сайын құлдырай берді. Мұндай жағдайда астықтың ең сенімді «валюта» болатыны әбден түсінікті. Аталған себептер жинақтала келгенде 1927/28 жылдардағы астық дайындау дағдарысын тудырды. [4]. Бұл жағдай кеңестік тарихнамада «ауқатты және контрреволюциялық элементтердің пролетариат диктатурасын аштықпен тұншықтырғысы келген әрекеті, кулактардың астық ереуілі» ретінде біржақты бағаланды. Алайда, егер бұрынғы идеологиялық дағдының және қасаң таптық көзқарастың шырмауында қалмасақ, мұны басқаша, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттің күштеу саясатына, олардың тағы да бір «әскери-коммунистік» шараларының объектісі болуын қаламайтын балама, экономикалық өзіндік әрекеті ретінде қарастырған жөн. Мәселені ашық жанжалға жеткізбеу үшін мемлекеттің экономикалық тұтқалар мен құралдар жиынтығын кең пайдалану мүмкіндігі болды. Айталық, бағаға қатаң бақылау орнату саясатын жұмсартуға (мұны кейбіреулер ұсынды да) болатын еді. Бірақ сатып алу бағасы жөнінде билік лениндік ұстанымнан бір қадам да шегінгісі келмеді. Өз кезінде көсемнің былай үйреткені белгілі: «Егер біз бағаны екі есе қымбаттатсақ, кулактар (ауқатты шаруалар мен кулактарды айтып отыр. — авт.) былай дейді: бізге бағаны қымбаттатып жатыр, ашығайын деген екен, күте тұрайық, тағы да қымбаттатады. Бұл — таптаурын болған жол, кулактар мен алыпсатарларға жарамсақтану жолы, мұндай жолға түсу және тартымды етіп суреттеу оңай», біз бұдан барынша бас тартуымыз керек». [5]. Басқа барынша жеке нұсқалар да ұсынылды, мысалы, Н. Бухарин астықтың конъюнктурасына экономикалық тұрғыда ықпал еткеннен гөрі оны шет елден сатып алып, нарықта «астық интервенциясын» жүзеге асыруға болады деп есептеді. Бірақ Сталин бұл арада да өзінің салмақты аргументтерін келтірді: «Одан да кулактарға қысым жасаған жөн және өнеркәсібімізді дамытуға қажетті жабдық әкелу үшін қалдырған валютамызды жұмсағанша, кулактардың артық астығын тартып алу керек» деді. [6]. Демек, Сталин «револьвер-шоқпарға» сүйенген әкімшілік-командалық принциппен әрекет еткеннен гөрі жүздеген және жүз мыңдаған шаруаларға қарсы қуғын-сүргін шараларын кеңінен өрістетуді ұсынды. Оның үстіне, мұндай көзқарас Лениннің теориялық жанашыл ұстанымдарында айтылған болатын, сөйлеген сөздерінің бірінде ол былай деп ашық айтты: «Жана экономикалық саясат террорды жойды деп ойлау аса үлкен қателік. Біз террорға және экономикалық террорға әлі де қайтып ораламыз» деді. [7]. Сталин өз кезінде Лениннің осы тұжырымын жүзеге асырып, экономикалық террорды саяси террормен толытырды. Іле-шала бәрін және барлық жерде астық дайындау, кейін шаруаларға қарсы үласқан жаппай саяси қуғын-сүргін науқанын «төтенше» ережелер айқындайтын болды. «Большевик кадрларды таптық күрес өнеріне үйрету және жергілікті партия аппараты қатарын мінезі жұмсақ, енжар адамдардан тазарту» үшін Кеңес империясының негізінен астықты өңірлеріне (Оңтүстік Орал, Еділ, Солтүстік Кавказ, Украина және т.б.) Саяси бюро мүшелері Молотов, Каганович, Микоян, Постышев, Андреев, Косиор, Шверник жіберілді, олар астық дайындау науқанына тікелей басшылық жасауы тиіс болды. Қазақстанда бұл науқанды өткізу Голошекинге сеніп тапсырылды, ол «қазақ ауылдарына кіші Қазан төңкерісін жасауды» ойластырып, жоғары партия басшылығы алдында ең қатал да табанды әкімшілердің бірі ретінде көрінді. Партия «белсенділерінін» қолдауымен ауылдық жерлерге қалалардан 30 мыңнан астам коммунист белсенділерден тұратын әр түрлі жедел уәкілетті армия мен жұмысшы отрядтары жіберілді. Соңғыларына селолық кеңестерді арам пиғылдылардан тазарту, жергілікті атқамінерлерден белсенділер қатарын құру, «үштіктер» мен әр түрлі көмекші комиссиялар ұйымдастыру және т.б., яғни «әскери коммунизм» кезеңіндегі тәжірибені өмірге енгізу, оны «таптық күресті күшейту» жөніндегі сталиндік идея рухында шығармашылықпен дамыту міндеттелді.
3* Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады. Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады. XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
15-билет
1* Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкін “сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп). 2* Социалистік елдердегі демократиялық бетбұрыстар көрінісі. КОКП-ның ұлт саясатында ұстанған бағыты. 1977 жылғы КСРО, 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциялары. КОКП және Қазақстан Коммунистік партиясы. Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері. Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды.
3* Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады. Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған. Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді. Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
16-билет
1* Шағатай ұлысы — Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай билік құрған әкімшілік аймақ. Шыңғыс хан Орталық Азиядан жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергенде Шағатайға Әмудария,Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан (бұрынғы Батыс Ляо мемлекеті негізінде) жерлері тиді. Ұлыс орталығы әр жылдары Алмалық, Қиялық, Карши, Ақсу қалалары болды. Шағатай ұлысының халқы отырықшы және көшпелі екі бөлімнен құралды. Отырықшы Мауераннахр аумағын империя орталығынан тағайындалған Махмұт Ялавач, кейіннен оның ұлы Масуд Бек басқарды. Көшпелі шығыс жағы тікелей Шағатай әулетінің билігінде болды. 1229 жылы Үгедей ұлы хан тағына отырысымен Үгедей ұлысы іс жүзінде Шағатай ұлысына біріктірілді. 1242 жылы Шағатай өлгесін оның өсиеті бойынша немересі Қаракүлік (Мутугеннің ұлы) таққа отырды. 13 ғасырдың орта тұсындағыШыңғыс хан империясындағы саяси жағдай және ұлыс билігіне кім келуіне байланысты Шағатай ұлысы аумағы үнемі өзгеріп отырды. 1224 — 1346 жылдары аралығында Шағатай ұлысына осы әулеттен шыққан 23 хан (Шағатай,Қаракүлік, Есенмөңке, Эрхунехатун, Алгуй, Мүбарак-шах, Барақ, Нықпай, Бөкетемір, Дува, Қоншық, Талбұға, Есенбөх, Кебек хан, Елжигдэй, Дуватемір, Тармашырын, Божан, Жанкешті, Әлисұлтан, Есентемір, Торалшытемір(Мухаммед және Қазан) билік құрды. Тек 1330 — 46 жылы ғана 10 хан алмасты.
2* Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде императорАнна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орысәскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті
3*---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
17-билет
1*?
2*?
3*
18-билет
1* XIV – XV ғғ. Дешті Қыпшақ аумағындағы этноүдерістер. XVI ғ. 20-30 жж. қазақ халқының қасіреті. XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы -Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени,рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше.Сондықтанда қазақ құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі Республикамыздың халықаралық аренадағы ролін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы ролімен көзге түсуде. Міне сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің 15 ғасырдағы бір көрінісі,бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы оның ішінде оның құрылуы кімді болса да қызықтырары анық. Дей тұрсақ та қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында толық шешілген мәселелер қатарына жатпайды. Тіпті бұл ауқымда мәселенің жекелеген мәселелері мен сұрақтары жөнінде қарама-қайшылықты, дау-дамайлы әр түрлі пікірлер болса, ал кейбір мәселелері әлі күнге дейін тарихшылардың назарына ілінбей күн тәртібіне қойылмай отыр. Міне, осыған орай біз осы жұмысымызда қазақ хандығының құрылуының жалпы мәселелеріне көңіл аударып зерттеушілердің назарын аудармақпыз. Біз қарастырып отырған мәселе 19 ғасырдың 60 жылдарынан бері В.В.Вельяминов-Зерновтың атты жарыққа шыққан еңбегі тарихшылардың назарында келе жатыр. Мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосты. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды. 1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған. 2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870 ж жүзеге асқан. 3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған. 4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған. 5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған. 6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи дамудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген.
2* Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген. Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген. Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген. Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген. Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген. Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген. Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген. Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген. Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген. Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген. Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген. Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген. Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген. Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген. Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген. Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген. Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген. Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген. Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген. Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген. Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген. Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
3*
19-билет
1*----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2*
3* Әбілқайыр, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадур хан – хан, қолбасшы.[1] 1693 жылы өмірге келіп, 1748 жылдың он екінші тамызында елу бес жасында қаза тапты. Әбілқайыр соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы (1710 – 1748) болды. 1715 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. 1726 жылы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы [1729(30)] ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілетімен ерекше көзге түсіп танылды. Қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. 1731 жылы қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант (бұл антты 1738, 1740 және 1742 жылдары қайталады) берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр оның саясатын дер кезінде түсінді. Хан жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты.1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Ол үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 1737 – 38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберді. Ханның дербестігі мен «орысшылдығы», қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі – Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде.