0 дауыс
12.1k көрілді
Туған жер туралы ұзақ тақпақтар керек еді?

5 жауап

+1 дауыс
МЕН СҮЙЕМІН ЕЛІМДІ

Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен,
Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.
Елге деген махаббат тыншымайды,
Мұңая да біледі, күле білген.
Өмір маған құшағын жайса дәйім,
Жарқылдатып жүремін найзағайын.
Майыспаймын қашан да елім үшін,
Махамбеттер ұстаған найзадайын.
Туған жердің мәңгілік жыр-әнін де,
Жаттап өскем жасымнан, жүрегімде.
Ақ арманым,
Қуатым,
Бар бақытым,
Сен өзіңсің, Ұлы Отан,
Тірегім де.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
Аямай-ақ, менен ал керегіңді,
Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,
Түгендеумен келемін берерімді.
Анық басып тірлікте әр ізімді,
Адалдықпен өтесем қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда,
Ерінбеймін ақтаудан парызымды
0 дауыс
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

 

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

 

Туған жердің төсінде ұлан асыр

Ат шаптырған, жамбы атып той боп жатыр.

Тәуелсіз ел атанған жиырма жылым

Сияқты бақ дарыған жиырма ғасыр.

 

Қазақстан кемелденіп, аршындадың

Әлемге қазіргі күй-қалпың мәлім

Елулік межесіне көп ұзамай

Енерсің, осы бетпен адымдағын.

 

Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.
0 дауыс
тагы да керек болып тур 28 балага
0 дауыс
екыншысынын такырыбы жане авторы кандай?
1 жане 2 олендердин авторы ким?
0 дауыс
него анау басталады тауып берындерш отынем                            

                       атамекен туган жер

                      елымде коп батыр ел
...