Мынаны қалай түсінуге болады?

+1 дауыс
417 қаралым

Менің компютерімде мына жазу жиі шығатын болды : Windows XP завершается 18-апреля дей береді. Сонда менің компютерімнің жұмысы тоқтайды ма?

• Санаты: Жалпы компьютер | 417 қаралым
Мынаны оқып көріңіз: http://massaget.kz/i-dos/18050

Windows XP-ге қызмет көрсетілу тоқтатылды.

7 сәуірден бастап Microsoft компаниясы Windows XP жүйесіне қызмет етуін тоқтатты. Бұл дегеніміз, егер сіздің компьютеріңіздің операциялық жүйесі Windows XP болса, енді онда туындаған қателіктер мен жаңартуларды Microsoft компаниясының ресми сайтынан жаңарта алмайсыз, яғни олар бұл кемшіліктер үшін жауап бермейді. Windows XP жүйесіндегі компьютерлерге қауіп төнді, сондықтан операциялық жүйеңізді Windows 7 немесе Windows 8-ге жоғарылатуыңыз керек.

Ал, Windows XP жүйесін әрі қарай пайдаланбақ болсаңыз, маңызды құжаттарыңызды ғаламтордағы файл сақтау дисктеріне немесе өзге қатты дисктерге жазып алыңыз және антивирус бөлшектерінің ең жақсыларын, соңғы нұсқасын пайдаланыңыз, оны жаңартып отырыңыз.
Рахмет, мұны неге пікірге жаздың?
Айып етпеңіз, қате кетті. "Жауап ретінде жаздым" -деп ойлағам,енді көріп отырмын.

2 жауап

0 дауыс

2015 жылдан бастап Microsoft компаниясы ХР операциялық жүйелеріне обновлениелер шығаруды тоқтатады. Ал орнатылып тұрған ХР ОЖ-лері жұмыс істей береді. Меніңше, ХР ешқашан қолданыстан шықпайды ау 

2014 жылдан бастап шығар.
0 дауыс
Виндоусты ауыстырғаның дұрыс болады.
127,938 сұрақ
322,815 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы