Мұғалімдердің сабақ жоспарларын тексеру заңдыма?

+2 дауыс
878 қаралым
Жергілікті немесе облыстық білім басқармалары жыл сайын немесе тоқсан сайын мектеп мұғалімдерін тексеруге келеді. Олар бір жылдық немесе өткен тоқсандардың сабақ жоспарларын көрсетуін талап етеді және журнал бойынша санайды. Бұл заңдыма? Олардың мұғалімдердің өткен сабақ жоспарларын тексеруге қаншалықты құқығы бар? Мүмкін болса, соған байланысты заң баптарын, ережелерін көрсетіңіздер
• Санаты: Заң | 878 қаралым

3 жауап

0 дауыс
Бірақ олар алдын ала Белгілі бір Жиналыста құралған Жоспар бойынша Мектеп директорымен келісіп келеді ғой! ал Заңды білмим болар кітаптан қарап көріңіз!
0 дауыс
Облыстық білім беру мекемесі (департаменты) мектептер үшін жоғарғы қадағалаушы-тексеруші орган болып табылады. Олардың мектеп құжаттамаларын тексеруі заңды. Тек тексерудің алдында жергілікті прокуратураның ЦПСИ бөліміне тіркелулері қажет.
0 дауыс
Әрине, мұғалімдер күнделікті сабақ жоспарларын жазып, журналдарын толтыруға міндетті екені белгілі. Ал, бір жылдың өзінде болатын бірнеше реттік тексерістер, мұғалімдерді ашуға булықтырып, қажыттырмай қоймасы да анық. Бұл, меніңше, "еріккенің ісі" әлде осы комиссиясымақтар тексере келіп, "тырнақ астынан кір іздеп" бір олқылық таппай тынбасы анық. Есесіне, осы қажытқан тексерістер өздеріне "дер кезінде тексеру керек"- деп, құқықтары мен міндеттері бар деген сайын, өздерінің лауазымдарын асыра пайдаланып, жемқорлықтты үдетіп келе жатқан секілді көрінеді маған.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы