Қазақтар орыстардың тв-шоу, программаларын көшіре береді?

+1 дауыс
464 қаралым
Қазақтар орыстардың тв-шоу,программаларын көшіре береді мысалы түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев т.б. өздері шығара алмайды ма?
Телебағдарламалар

6 жауап

0 дауыс
Әрине шығаруға болады. Бірақ қазақ жалқау халық қой. Ізденгісі келмей біреуден ала салады ғой...
0 дауыс
басқа идея қалмаған ау шамасы және ойлап табу үшін үлкен әсер беретін проект болу керек ал ондай Үлкен Проектке көп қаржы керек!
Белгісіз
0 дауыс
біздің менталитет орысшыл ғой, орыстарға ұнаса бізге де ұнайды деп ойлайтын шығар
+2 дауыс
Орыстардың өздері де көшіреді Америка және т.б. елдерден. Және көшіреді деп айтуға да болмайды , ол елден телеарнасынан сол бағдарламаның лицензиясын сатып алады, Қазақстанның да өзінің шығарып жатқан өнімдері бар емес пе, мысалы НТК арнасындағы Ойымды аңғар, Астана телеарнасындағы "Саған сенемін " бағдарламасы. Олай өзіміздің телеарналарымыздың бағасын түсіре беруге де болмайды. Мысалы "Қазақстан дауысы " бағдарламасын көбіміз Ресейден көшіріп алдық деп шуладық, ал оны Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен "Art center production " ЖШС продюсерлік орталығы ағылшындармен тікелей байланысқа шығып лицензияны сатып алды. Яғни мұнда қанша адамның ой еңбегі жатыр. Ағылшындар жобаның жүйесін, концепциясын ойлап тапты. Қалғанының бәрін Қазақстан ҰТА іске асырған.
сізбен келісемін.
0 дауыс
Адамдар көруге тұратындай, адамдардың сұранысына ие болып жатқан болса көруге болады, көшіргенде тұрған түк те жоқ. Егер сен өзің шығарғыш болсаң, ойлап тапқыш болсаң, шығарып соларға ұсын!
Белгісіз
0 дауыс
Басқа елдің телешоуын лицензия арқылы қайталау қандай да болсын елде бар, қалыпты жағыдай. Оған таңданудың не ренжудің қажеті жоқ. Қазір телеарналардың негізгі мақсаты - ақша табу.
127,680 сұрақ
322,219 жауап
153,247 пікір
72,703 қолданушы