Ол әлі белгісіз. Біреуі айтады: " Өй, бұрынғыша қала береді", - дейді. Енді біреуі: " Бұрынғыдай билет суырамыз, ҰБТ болмайды" ,- дейді. Шыны керек менде дәл сіз сияқты қайсысына сенерімді білмеймін. Болашақта 2015 жылы көре жатармыз.
Жоқ ендi ҰБТ-ны мүлде алып тастайды. Тест тапсыруда да өзгешелiктер болуы мүмкiн. Сабақ кестесi де 5күндiк болып 12жылдық бiлiм жүйесiне ауысуымыз әбден мүмкiн.
2013-жылдың бас жағында "2014-жылы ҰБТ болмайды" - деген хабар тараған еді, бірақ, ол хабар өтірік екен. Енді міне, ҰБТ-ға қиналып дайындалып жүрміз, сенде қазірден дайындала бер. ҰБТ 2015-жылы болады, болмайды деген сөз өтірік.
2009 жылғы тапсырған түлектерге де келесі жылы ҰБТ болмайды делінген болатын. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай жылдан жылға ҰБТ сұрақтары күрделенбесе жеңілдеп не болмаса алынатын түрі жоқ секілді.