"Ақпаратты қорғау құралдары" тақырыбына ЭССЕ керек еді.

0 дауыс
5.0k қаралым
Сәлем!!, "Ақпаратты қорғау құралдары" тақырыбына ЭССЕ керек еді. Көмектесулеріңізді сұраймын.
Интернет, Сайт

1 жауап

0 дауыс
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.

Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:

- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;

- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;

-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;

- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;

- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;

- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы