0 дауыс
1.8k көрілді
Әбілқайыр Баймолдин туралы 10 бетті мәлімет?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Баймолдин Әбілқайыр (1909, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Тақыр ауылы — 4.1.1944, Невель) — әскери қайраткер, полковник (1944). Жоғары офицерлік атты әскер мектебін, Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген.[1] Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. 1941 жылы 22 желтоқсаннан бастап Чкалов (қазіргі Орынбор) қаласында полк командирі, 1942 жылы 5 мамырдан полк комиссары болды. Невель қаласын азат етуге қатысып, оның бірінші әскери коменданты болып бекітілді. Екі рет Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Невель қаласындағы бір көшеге, Тақыр аулындағы мектепке және бұрынғы “Восточный” кеңшарына оның есімі берілгенӘбiлқайыр Баймолдин 1909 жылы Павлодар облысының Лебяже ауданындағы Тақыр деген ауылда туған. 1928 жылы совет партия мектебiн бiтiрдi, сол жылы партия қатарына алынды. 1928-1931 жылдары Павлодар аудандық комсомол комитетiнiң хатшысы болып қызмет атқарып, жерлестерiнiң тұңғыш комсомол топтарын ұйымдастыруға атсалысқан. 1931 жылдан Алматыдағы қазақтың тұңғыш “Үлгiлi” атты полкында эскадрон политругi болып қызмет еттi.
Қызыл әскер, курсант, взвод командирiнiң орынбасары, эскадрон саяси жетекшiсi болған Әбiлқайыр Баймолдин Қаттақорғанда, Алматыда, Нальчикте, Тульчинада әскери қызмет атқарды. Қайда жүрсе де Әбiлқайыр туған жермен байланысын үзбеген. Әбiлқайырдың бастамасымен Павлодар облысының төрт ауданымен Ертiс, Павлодар, М.Горький, Цюрупа аудандарымен қамқорлық байланыс жасалды. Атты әскер дивизиясының 49-полкiне осы төрт ауданнан жiгiттер әскери қызметке келiп тұрды. Ал, Баймолдиннiң жерлестерi Павлодар облысындағы лебяжiлiктер кейiн 49-полктiң эскадронын қамқорлыққа алды. 1936 жылы Ә.Баймолдин өз дивизиясының 17-полкiне келiп, эскадрон командирi болды.
1938 жылы Қиыр Шығыста Хасан көлi, Халхин гол өзенiнiң маңында жапон самұрайларына қарсы ұрысқа қатынасып, “Ерлiгi үшiн” медалiмен марапатталды. Награданы Мәскеуде М.И.Калининнiң қолынан алды. Қызыл алаңдағы жеңiс шеруiне қатысты. Көп ұзамай, аға саяси жетекшi Ә.Баймулдин, үкiметтiң арнайы тапсырмаларын орындағаны үшiн Қызыл Жұлдыз орденiмен марапатталды.
1939 жылы “Қазақ ССР-iнiң ХV жылдығы” белгiсiмен наградталған.
1941 жылы Баймолдин Ленин атындағы Мәскеудiң әскери-саяси академияны бiтiрiп, генерел-майор Л.Доватордың екiншi гвардиялық атты әскер корпусындағы төртiншi полктың комиссары болып тағайындалды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1941 жылдың жетiншi қарашасында Әбiлқайыр 9-шы атты әскер дивизиясының 51-шi полкiне комиссар болып ұрысқа енедi. Баймолдин Мәскеу түбiнде жаралы болса да саптан шықпады. Көп ұзамай осы шайқастарда, ол екiншi рет жараланды. Бұл жолы аға саяси жетекшi Волоколамск түбiнде жараланып, госпитальге түседi. Көп ұзамай ол қайта сапқа тұрып, 44-шi атты әскер дивизиясының 61-шi полкiне командир болып, қайта ұрысқа енедi. Әбiлқайыр Баймолдин ерлiгi мен батылдығы үшiн жауынгерлiк Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз орденiмен наградталды.
Әбiлқайыр өзiнiң ауылдастарымен хат арқылы байланысып тұрады.Комиссар дереу атты әскерлер атына жеделхат жолдап, Мәскеу түбiнде әскери құраманың жетi елдi мекендi және бiр темiр жол стансасын азат еткенiн жазады. Жауынгер командирдiң хаты “Тақыр” колхозының ауыл-селоларында, жиындарда оқылып, талқыланады.
44-шi атты әскер дивизиясының саяси бөлiмi жауап хат жолдайды. Әбiлқайырдың полктес досы Қанапия Ибрагимов жерлестерiне хат жолдап, 1923-1925 жылдары туғандардан әскери өнердi қажымай меңгерудi сұрайды. Бұл 1942 жылы жолдаған хат едi.
Әбiлқайыр Баймолдин Жиздра өзенiнiң бойында төртiншi рет жараланып, тағы да госпитальге түседi.
Майор Ә.Баймолдин Алматы госпиталынан қайта майданға келiп, өзiнiң 4-шi полкының командирi болып тағайындалды. Бұл полк Смоленск облысындғы Ресета мен Жиздра өзендерiнiң түйiскен жерiнде 1942 жылғы 2 шiлдеден 8 тамызға дейiн қиян-кескi ұрыстар жүргiзiп, жаудың шабуылын тойтарды. Осы жолы Баймолдин Қызыл Ту орденiмен наградталып, корпус штабының комиссары қызметiне жоғарылатылады.
Комиссарлық қызметтер жойылған соң Баймолда Мәскеудегi Жоғарғы офицерлiк мектептiң жанындағы саяси қызметкерлерден командирлер дайындайтын алты айлық курсты бiтiрiп, Калинин майданына келдi. Майдан командован иесi оны 100-шi қазақтың ұлттық атқыштар бригадасына жiбердi. Подполковник Баймолдин бригада командирi полковник А.Марецкийдiң жауынгерлiк жұмыс жөнiндегi орынбасары болды.
1943 жылғы қыркүйектiң соңында, 3-шi екпiндi армия бөлiмдерi генерал-лейтенант К.Н.Галщкийдiң бастауымен Калинин майданының оң қанатында маңызды шабуыл операциясын бастады.
.
...