Интернетте ақша табудың жолы көп. Бірақ қазақтардың тауып жатқаны шамалы! :(
Қалай табуға болатындардың бірнеше мысалдарын келтіре кетейін.
Блог жүргізу. Егер сіз белгілі бір тақырыпта блог жүргізетін болсаңыз, сол тақырыпта ақпарат іздеп келген қолданушыға жарнам қою арқылы ақша табу. Мысалы: сіз ұялы телефон туралы блог жүргізесіз, онда сіз ұялы телефондардың артықшылығы, жаңа телефондар, мақтап жамандайтын жерін жамандап ұялы телфонға қатысты ақпарат беріп отырсаңыз сізге Актив немесе Билайн келіп жарнама қоюға ұсыныс жасауы мүмкін. Себебі сізідң блогыңызға келетін, ұялы телефонға қызығатын қолданушыларға ұялы байланыс операторларына жарнамасын қою тиімді. Немесе самсунг немесе нокиа компаниясы мына телефонымды көріп сипаттап баға беріп мақала жазып осы ұялы телефонды өзіңе ала сал деп ұсыну жасауы мүмкін. айта берсек ондай жолдары көп. Ондай тамаша блог жүргізіп осындай жолмен адал өз еңбегімен нәпақасын тауып жүрген жігіттерді білемін.
Сайт ашу. Осы сұрақ жауап сайты сияқты сайт ашып, сайттағы қолданушылардың санын арттырсаңыз жарнама қою арқылы пайда табу.
Тағы бір интернетте ақша табу мысалы. Егер сіз біздің сайтымызда белсенді болып, жақсы сұрақ қойып өте жақсы етіп жауаптарды жазатын болсаңыз, біздің назарымызға ілігетін болсаңыз мен жұмысқа шақыруым мүмкін. Мен сізге ай сайын мына молшерде ақша төлеп тұрамын, есесіне сіз көп уақыт осында оытрып, сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қойып сайттың тазалығы мен ережесіне қарап қолданушыларды ескертіп, қажет болғанда банға қою, модератор қызметін атқаратын боласыз деп келісуге болады. Есесіне сіз өзіңізге ұнайтын іспен айналысасыз, бір шетінен еңбегіңіз бағаланып отырады. Мұндай істі істеп жүрген Жалғас Ертай сіздерге жақсы мысал бола алады!
Тағы да интернет арқылы қаражат табу жоладыр көп. Әзірге ойыма келген нұсқалары осылар болып тұрғаны!