0 дауыс
13.4k көрілді
салеметсіздерме менің қойатын сурағым бала көтерудің жолдары жайлы тұрмыс құрғаныма 2 жыл болды бірақ әлі бала көтерер алар емеспін, больницага қаралдық барі жақсы диді көтересіз деп шығарып салады ем қабылдадық, емшілергеде бардық емделдік бірак алі бала көтере алар емеспін қатты қиналып кеттім барі көтердіңба деп сұраған сайын жерге кірер тесік тапай қалам. маған кеңес берсеңіздер екен димін. алдын ала рахмет
Жақсылап әрекет жасап көріңіздер, жұбайыңызбен бірге.
Біз әрекет етпедік деп ойласызба?
Уа ха қатырдын.

7 жауап

+4 дауыс
Аллаһ құранда айтады:
" (Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан кешірім сұраңдар. Өйткені Ол, Бәрін Кешіруші” дедім.(сонда)Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.Әрі өздеріңді малдар, балаларменқамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.(Нұх сүресі 10-13 аяттар)”
Аллаһ Құранда егер сендер кешірім сұрасаңдар аспаннан жаңбыр жауғызам, малдар берем, балалар беремін деп уәде етуде.Сондықтан көп кешірім сұрау керек.
Ғылыми ізденіс: бала көтеру үшін тиімді диета

Бала көтере алмай жүрген әйел адамдар өздерінің тамақтану тәртібін қадағалауы керек. Гарвард университетінің ғалымдары әйелдің құрсақ көтеруі үшін пайдалы тағамдардың тізімін жасаған. Тәжірибе нәтижесінде, жүкті болуда пайдасы тиетін тағамдар анықталды. Сол кеңестерді өздеріңізге ұсынамыз.

“Кеңестер” тамақтану режиміне өзгерістер енгізуден басталады...

Тауық етін Тофу ірімшігіне алмастырыңыз. Әйгілі диетолог-маман Чаварроның айтуына қарағанда, овуляция алдында ұрықтың пайда болуына ағза құрамындағы темірдің берер пайдасы мол. Көп астың құрамында кездеспейтін, ағзаға қажетті темір Тофу деп аталатын ірімшіктің құрамында көп. Егер тәбетіңізге қарай, артық асты қабылдай алмайтын болсаңыз, күнделікті тауық етін Тофу ірімшігімен алмастырыңыз.Тофу — ең пайдалы сұйық ірімшік.

Тәтті тағамдар да жүкті болуға кедергі болуы мүмкін. Себебі, тәтті ұн тағамдарынан денеге артық салмақ қосылып, етеккірдің келу мерзімі өзгереді. Соның әсерінен гормондар жүйесінде бұзылып, құрсақ көтере алмаудың тағы бір себебі шығады. Сол үшін тәтті жегіңіз келсе, сүзбе не болмаса, мюслиді пайдаланғаныңыз абзал.

Түймебұршақты жасымықпен алмастырыңыз. Егер түймебұршақты (фасоль) да пайдалануға ерекше құмар болсаңыз, бала көтеруде қиындықтар тууы ықтимал. Ал жасымық (чечевица) ағзаға одан әлдеқайда пайдалы. Сондықтан, құрсақ көтеруді жоспарлап жүрсеңіз, аталған азықты тамақ мәзіріңізге қосыңыз. Құрамында фоли қышқылы бар дәрумендер кешенінен овуляция проблемасын 40-60%-ға азайтуға болады. Фоли қышқылынан дайындалған дәрумендерді қабылдап отыру тиімді.



 Майсыз йогуртты балмұздақпен алмастырыңыз. Қаймағы алынбаған сүттер құрамында эстроген мен прогестерон мөлшері көп болады. Бұл қоректік заттардың көп болуынан ұрықтануға мүмкіндік те көбейе түстетіні дәлелденген. Егер сәби сүйгіңіз келсе, қаймағы алынбаған сүтті тағамдарды күнделікті пайдаланып отырыңыз. Ол балмұздақтың құрамында болады. Жыл мезгіліне қарамастан, балмұздақ жеу қажет. Бұл тәттіден де ағза өзіне пайдалысын алады. Ал бала көтергесін, балмұздақты доғаруға тура келеді. Біріншіден - майлы, екіншіден - салқын. Бала күтіп жүрген әйел үшін салқын тамақ жеу қауіпті. Сонымен қатар, тым майлы өнімдер де жүкті әйелдің денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.
Белгісіз
егер ештеңе шықпаса түркістандағы Арыстан баб ата, Қожа Ахмет Ясауий сияқта әулиелі жерлерге барыңдар.
Белгісіз
0 дауыс
Дәл осындай оқиға арабияда ХХғ. болған, жас жұбайлар үмiттерiн үзе бастағанда әйелi дiни радиодан АЛЛАХТЫҢ құдыретi туралы және адамдардың шын жүрекпен Тiлей отырып түннiң 3 жартысында тахажут намазында сұраса тiлектерiн қабыл ететiнiн естiп, намазға тұрып сұрайды, Алла оларға ұл бала нәсiп еттi!
Бұл шындық 100%
Бұл жерде діннің еш қатысы жоқ. Таза биологиялық мәселе.
0 дауыс
Кешiрiнiз, кай каладан боласыз? Куйеуiнiзде немесе озiнiздiн бiр жерiнiз ауырмаса бала котере алмау мумкiн емес!Менин сизге комегим тиер егер Онтустиктен болсаныз...
0 дауыс
ЭКО (экстракорпоральное оплодотворение) орталығының қызметіне жүгініңіз.
+1 дауыс
Куиеунизде анализ тапсырдыма?ауели куиеуиниз,сосын озиниз емделиниз.биз айелдер озимизди киналай беремиз.еш уайымдай бермениз.уайымда адамды жегидей жейд.бала котерип жургенизди елестетиниз,жаксы ойлар сизди коп балалы ана болуга жетелейд.комегим тисе иги ед.балаларыныз коп болгай.тлегиниз кабыл болсын.
0 дауыс
Шығыс Қазақстанда Базыхан Дусюпов деген емші бар. Соған барып, не дискісін сатып алып көріңізші?

Бірақ қолдан жасап сататын алаяқтарды абайлаңыз.
0 дауыс
Кейде кешігіп  болады. Құрбыларыңызбен кеңесіп көргеніңіз дұрыс. Қыз-келіншектерге арналған газет-журналдардан, төсек рахаты туралы жазылған кітаптардан оқысаңыз болады. Бұл мәселе медицинада жақсы жолға қойылған. Қазақшылықты жақсы білетін үлкен апалардан көмек сұрасаңыз болады. Алпамыс батыр жырында байдың баласы болмай әулие аралағаны туралы айтылады. Намаз оқығаныңыз дұрыс. Заманауи  технологиямен жұмыс істейтін клиникаларға тексерілу керек.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
саудагер фариза еркебеккызы 20.10.2016 Жалпы медицина сұрақ қойды
+1 дауыс
28 жауап
...