Біздің жақта (батыста) әкесі бар жас жігіт мұрт қоймаушы еді. Үш мүшелден кейін ғана рұқсат беретін, кезінде өзім көріп өстім. Ал үлкендер жағы сақал, мұрттарын қоя беретін. Бұл дәстүр үлкенді сыйлаудан шыққан болар, ал өсірген жігіттерді сынап-ұрсып, алғызып тастайтын. Қазіргідей қауғадай қылып жүргізбеуші еді.