Алдыда не болатының ешкім білмейді.
Қазақстандағы жемқорлық ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА иман келгенде жойылады.
Жемқорлықты жоюға болмайды дегенге келіспеймін!
Әлемде жемқорлық жойылмауы мүмкін, бірақ Қазақстанда жоюға болады деп ойлаймын. Себебі, біз қазақпыз. Ар-ұят бар, намыс бар. Елімізде тұратын басқа ұлт өкілдері де біздер сияқты.
Жемқорлар - тәрбиесіз берілген білім иелері. Әкесі мен анасының дұрыс тәрбиесін көрмегендер. Судың да сұрауы болатынын білмейтіндер.
Күннен күнге адам баласының санасы уланып барады. Әбден санасы уланған мемлекеттердің интернет арқылы таралып жүрген материалдары мен ақпараттары біздің ел тұрғындарының да санасын улап жатыр. Қазақта сөз бар "қазанға жолама, қарасы жұғады" деген. Сол қара жұғып жатыр.
Болмайтын нәрсенің өзі жоқ. "Көп түкірсе көл болады" демекші, көпшілік болып жұмылсақ, болашақ ұрпақты, тым болмағанда әр отбасы өз балаларына жақсы тәрбие берсе барлығы да болады деп сенемін.
Біздер """ондай майда шүйделерге басынды ауырта берме оданда сабағынды жаймен оқы да Жұмысынды жаса да Ұнайтын ісінде жаса да ӨМІР Сүре бер""" деген сөздерді айтуға құмармыз. ХАЛҚЫҢ ҮШІН СЕН БАСЫҢДЫ АУЫРТПАСАҢ, КІМ БАСЫН АУЫРТАДЫ СОНДА???