0 дауыс
5.6k көрілді
Қазақстанда қай мамандыққа сұраныс көп? Қазақстанда қандай мамандықтар жетіспейді?

4 жауап

+1 дауыс

Алматыда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалды

Сарапшылар сұранысқа ие және сұранысы төмен мамандықтарды анықтап, тізімін жасады. Бұл туралы «Elite» рекрутигтік агенттігінің жетекшісі Олег Парахин мәлімеді. 

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Elite» рекрутингтік агенттігі мен «Срочно Требуется» газет редакциясымен біріге отырып, жастар еңбек нарығын зерттеген болатын.

«Бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың қатарына: сауда жөніндегі мамандар, бағдарлама жасаушылар, интернетте жұмыс жасайтын мамандар, бухгалтерлер, аудиторлар, телекоммуникация инженерлері, маркетологтар, жарнама саласындағы мамандар, талдаушылар, жобалаушылар, сәулетшілер, құрылысшылар жатады»,-деді Олег Парахин.

Ал сұранысы төмен мамандықтар қатарына массаж жасаушылар, косметологтар, визажисттер, сақтандыру агенттері, сарапшы-бағалаушылар, бизнес мәселесіне қатысты кеңесшілер және бұрғылаушылар жататыны анықталды.

2013 жылы ең көп сұраныста болған мамандықтар тізімі анықталды

 АЛМАТЫ. 31 қаңтар 2014, 19:06. BNews.kz

Алматының жұмыспен қамту орталығынан 2013 жылы қазақстандықтардың арасында қандай мамандықтар сұранысқа ие болғаны, ал қайсылары «аутсайдердің» қатарына енгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі орталық менеджері Нұрила Софиеваға сілтеме жасап.

Сұранысқа ие мамандықтардың қатарына электриктер, бағдарламашылар, ЭВМ операторлары, турагенттер, шаштаразшылар, бухгалтерлер мен жүргізушілер енген. Ал заңгерлер, экономистер мен қаржы мамандарына қажеттілік байқалған жоқ.

Сондай-ақ Қазақстанда дәрігерлер, педагогтар мен психологтар, механиктер жетіспейді екен.

Н.Софиеваның айтуынша, 2013 жылы Орталыққа жұмысқа орналасу мәселелерімен 1528 алматылық жүгінген, ал 2012 жылы олардың саны 1746 болған екен.

Бұдан басқа, жұмыспен қамту орталығында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқулары тегін жүргізіледі. Орталықта жоғары оқу орындары бітірген студенттерге өз мамандығы бойынша әртүрлі ұйымдарға 6 ай тәжірибеден өтуге орналасуға көмек көрсетіледі. Мысалға, өткен жылы бұл бағдарламаны 576 адам пайдаланса, оның 330-ы жұмысқа орналасып кеткен. 2013 жылы 406 адам мемлекет есебінен қайта даярлау курстарынан өтсе, тағы 122 алматылық біліктілігін арттырды.

0 дауыс
Акбопе мугалимдик,медицина,Казахстан темир жолы саласы бойынша мамандыктар окыганнын жаксы деп ойлаймын,ойткени болашагы бар мамандыктар.
0 дауыс
Дәрігер фельдшер Хирург медсестра  оқытушы техничка Полиция Пожарный пестолетчик в заправке Құрылысшы Кассир Охранник гаишник  таксист курьер почталён  осы маман иесі болу бірінші деңгейде өте жақын тұрғандар!
0 дауыс

Kazirgi tanda zhumiskerler zhetispeitin emes, suranisi kop, kop adamdar tandaitin mamandikka zhugiredi. meninshe ol duris emes. Magan arine mamandik tandau ali erte, degenmen oz basim halikka kerek mamandikti tandar edim. Shinimdi aitsam degenmende-ZHANLAKISINA karaitin edim. Kansha degenmende bolashak omirinmen bailanisti goi!

...