+1 дауыс
141k көрілді
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік М. — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы,
ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

19 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жазушы І. Есемберлин бұл сұраққа былай жауап берген: «… Ғажайып сезім – махаббат деген! Қара тасты қақ жарып шығып, өзіне жол салған мұз балақтай, махаббат жаныңның белгісіз бір түкпірінде пайда болады да, жолында тұрған сан бөгетке қарамастан бір жүректен екінші жүрекке жол табады. Кенет, көп адамның ішінен саған біреу ұнайды. Бұны кім, қалай түсіндіре алады? Бар болғаны сен оны сүйесің!… Бұл сұраққа адам баласы жаралғалы әлі ешкім жауап беріп көрген жоқ, сондықтан да мұндай сұрақты қоюдың да қажеті аз. Оған жүрек қана жауап бере алар. Сөз, ақыл – ойға берілген, бірақ оның да айтары жоқ… Алайда , ақыл – ой, жүрек, сезім – бәрі біртұтас». Дегенмен, бұл үлкен ғаламда қанша адам болса, махаббат жайлы да сонша пікір бар. Ал мен І. Есемберлинге қосыламын.
+2 дауыс

Махаббат азбас байлық,
Тозбас қазына дер едім.Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады.Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.

Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.

Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен.  Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен.Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.  Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін.  Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт!

Өте дұрыс айтасыз, толықтай келісем!
+1 дауыс
"Махаббат қуғанның алдында қашу,қашқанның соңынан қуу" деп Шекспир айтқан
0 дауыс
Ой махаббат деген сегіз әріп бір арман, талай ақын махаббатқа жыр жазған.

Қазіргі заманда махаббат десе елдер бірден қызбен жігіт арасындағы махаббат айтады, оданда басқа махаббат көп емеспа? мысалы аке шешеге деген махаббат.

біздерге жастарға жетіспейтіні отанға деген махаббат, бірақ қызбен жігіт арасындағы махаббатта жетісіп тұрған жоқ, қазіргі көп қыздың ұраны бай жігіт тапсам дейді, ал ол бай жігіттер олармен бір көңіл көтередіда лақтырып кетеді, вот сосын далада маңыраған қойдай жалғыз қалады. әрине бес саусақ бірдей емес !!!
0 дауыс
Рухани махаббат деген Аллаға деген махаббат, Аллаға деген махаббат мәңгілік болады, ал жаратылысқа деген махаббат уақытша.
0 дауыс
Америкалық кішкентай балалар «Махаббат деген не?» деген сұраққа жауап береді. «Егер сені біреу жақсы көрсе, есіміңді өзгелерден ерекшелей сөйлейді. Оның тіліне сенің атың оңай оралады». -Билли, 4 жас «Егер сен шынайы ғашық болуды үйренгің келсе, өте қатты жек көретін адамыңнан баста». -Никка, 6 жас «Махаббат деген – қанша шаршап тұрсаң да, еш себепсіз күлімсіреу». -Терри, 4 жас «Махаббат деген – анамның әкем үшін кофе дайындап, оны бермес бұрын «қалай болды екен?», - деп тексеруі». -Дэни, 7 жас «Әжемнің белі ауырған кезде, еңкеюге және аяқтарының тырнағын бояуға шамасы келмей қалады. Сол кезде атам кейін қолдарының ауыратынын біле тұра, әжемнің бұл қажеттіліктерін өзі істеп береді. Міне, бұл – махаббат». -Ребекка, 8 жас «Махаббат деген – бір балаға «көйлегің әдемі екен» деп айтып, ал ол баланың сол көйлегін күн сайын үстінен тастамай киіп жүруі». -Ноэль, 7 жас «Мені қатты жақсы көретін анам ғана. Себебі, ұйықтар алдында одан басқа менің бетімнен ешкім сүймейді». -Клэр, 5 жас
0 дауыс
Сөзбен жеткізу қиын.
0 дауыс
Махаббат деген ұлы сезім чичарито сен олимпте ойнайды екенсің опытыңмен бөліссейш
Әхәхә))))))))))не деп кеттіңіз aktore
0 дауыс
Екі жанның бі бірін сүюуі
+2 дауыс
Махаббатты тәрiптеп болмайды. Махаббат бұл екi жаның бiр-бiрiне шынайы сезiмi.
0 дауыс
Махаббат - жүрегі жас қатал адам,
Жеріген жастай безіп ата- анадан.
Махаббат- тілсіз бөбек жаны таза.
Атыңды өмірде бір атамаған.

Махаббат- қырдың қызыл гүлдері ме,
Қаймыға қалтырайтын жел лебінде.
Махаббат- жас сәбидің бесігінде,
Анаға тұңғыш қарап күлгені ме.

Махаббат- кемпір ме әлде таяқ алған,
Келінін мүсіркеп түк аямаған.
Махаббат- анама әлде қайдан қайтсаң,
Алдыңнан шығып сені аялаған.

Махаббат- теңіз бе әлде дөңбекшіген,
Сақылдап кейде күлген, кейде өксіген.
Махаббат- алыс жұлдыз көкте тұрған,
Көзіңді ажарымен ынтықтырған.

Махаббат- ыстық сезім кеудедегі,
Тіл қатпас жүрегіңнің ол бөбегі.
Махаббат- бала жастан мәпелеген,
Жаныңның алыс ұшқан көбелегі.

Махаббат- биіктейді қызығарда,
Ол- әуен. Әуен сазын бұзып алма.
Махаббат- сілкісең де түспей тұғын.
Ағаштың ұшындағы қызыл алма.
+1 дауыс
Махаббат сегіз әріпті жолдама
Берілер арнайы бақыттың жолына
Жетерсін шың сүйсен егерде жүрекпен
Арасында қиындықтарға жолыға

Махаббат сезімдер бақыт шахары
Махаббаттан жүректер бақыт табады
Пәк сезімдерден махаббат қуат алады
Ән жаздырып жүрегім шабыттанады

Махаббат деп соғар ғашықтар жүрегі
Ғашығын күн-түні ойлаумен жүреді
Қасында не алыста жаны болсада
Ғашық жүректің тек бақыт ғана тілері

Махаббат деп әнімді де бастадым
Махаббат деп уақытта өтер қасқағым
Махаббат деп кейде минуттар жылжымай
Махаббат деп төгілген талай жастарым

О махаббат патшасы сезімдердін
Сен барда өзімді бақытты сезінемін
Қалаймын сағанда осының сезілгенің
Махаббаттан Жоғалар есім менің
0 дауыс
Махаббат... махаббат деген не өзі? Сезім ғашықтық
Бір көріп ұнатыу, екі ғашықтың, бір-біріне деген сезімдерін жеткізуі
Махаббат... екі ғашықтың арасын жалғайтын ұлы сезім
Махаббатты түсінбейтіндер, үлы сезімді қорлап жүр
Әй жастық шағымды бекер өткізбей бәрін көріп қалайын
Нағыз махаббатты сосын қолға алармын бір кезде.
Жооқ... махаббатдеген ол сезімдердің сезімі, өте нәзік үлбіреген мақта дай
Осы өмірде махаббаттан асқан, сезім бармекен
Жо-жоқ әрине махаббаттан асқан ұлы сезім болмас сірә
Махаббатты бағалай білу айялай білу ол әркімнің қолында
Махаббат ол шексіз сезім
Нағыз махаббат жүректің пәктілігі, жүректің адалдығы
Қос ғашықтың бір-бірінедеген мөлдір махаббаты
Мейлі ол кандай болсын ең бастысы шын махаббатқа деген көз қарасы
Шын махаббатқа деген адалдығы,шын махаббатқа деген кіршіксіз көңілі.
+1 дауыс


Махаббат деген қандай сезім, ол не десе?

Махаббат деген қандай сезім, ол не десе?
Махаббат азбас байлық,
Тозбас қазына дер едім.Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады.Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.

Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.

Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен.  Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен.Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.  Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін.  Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт!

Ұлар

0 дауыс

Сәлеметсіздерме! Әркім әр түрлі ойлар жазыпты, менде өз пікірімді өлең жолдарыммен жеткізсем. Махаббат- ұлы сөзге түңілейін.
Жүректің түкпірінен ой шертейін.
Махаббат бар әлемде әлдилеген.
Ананың махаббатын сөз етейін.
Әлдилеп күндіз-түні жанын қиған.
Қатеңді кешіріпте нәпсін тиған.
Құласа жан баласы асыр салып.
Жанын түйіп шүберекке барын қиған.
Мен осыны айтамын махаббат деп.
Ананы силағандар жасарады деп.
Ананың махаббаты болмағанда.
Баланы кім айтады жас алаш деп.
Жәнеде махаббат бар бауырғада.
Отбасы мен шеттегі жауырғада.
Бір ананың құрсағынан тумасада.
Кей жанда да махаббат тәуіргеде.
Ал енді тарихымнан сыр шертейін.
Ахмет пен Қамарды да жыр етейін.
Кезінде теңсіздіктің асау белі. 
Жастарға белбау болды мен айтайын.
Махаббаттың тағыда бір ұғымы бар.
Жігіт пен қыздында өз сызығы бар.
Астарынан жол тауып жүре білсе.
Махаббаттың сол жанға сезімі бар.
Силаңдар ер жігіттер сүйгеніңді.
Ол сенің түсінеді күйгеніңді.
Ермек үшін босқа сен алдамасаң.
Махаббат сонда қосар сезіміңді.
Ал, қыздар кемшілікті іздемеңдер.
Сұлулықты еш уақыт таңдамаңдар.
Барыменен қабылда сүйгеніңді.
Махаббатты қызғанышқа бұлғамаңдар.
Махаббатты жоқ қылатын жалған сезім.
Қызғаныш, өтіріктер болған төзім.
Түсіністік көзбенен қарасаңдар.
Махаббат әдемі де тәтті сезім.
Қиындығы болмаса махаббаттың.
Ол махаббат шынайы махаббатпа.
Ауырды да, жеңілді ұштастырған.
Жақсылықта, жамандықта махаббатта.
Ей, жарандар махаббатты бағалаңдар.
Құдай қосқан жандармен бір болыңдар.
Болмашы өсекпенен арзан сөзге.
Қош бол деп өкінішпен жаңылмаңдар.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
11 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...