Тарихтағы алғашқы видеомагнитофон теледидар қажетіліктері үшін жасап шығарылған болатын. Оны 1943 жылы орыс иммигранты Александр Михайлович Понятов негізін қалаған Ampex фирмасы жасап, нарыққа шығарды. Алғашқы видеомагнитафон катушка түрінде болатын және тек қана телестудияларда кәсіби қолданыс үшін арналған болатын. Қарапайым адамдар оны сатып ала алмайтын, өйткені оның салмағы шамамен бір тонна, ал бағасы орташа автокөліктікіндей болатын. Ampex өнгімдері үлкен сұранысқа ие болатын, тіпті видеожазба үдерісі "ампексирование" деп аталатын кездер де болған. Ampex модельдеріне ұқсас, Никита Хрущетвтың нұсқауымен, Кеңес Одағында 1960 жылдан бастап "Кадр" видеомагнитофондары шығарыла бастады. Ал батыста, 70 - жылдардан бастап видомагнитофондар көпшілік бұқара арналып шығарыла бастады. Мұнда Ampex көшбасшылығын Sony және Philips компанияларына берді, өйткені ол негізінен кәсіби студиялық жазбаларға арналған құрылғыларды шығаратын. Ал берілген компаниялар 1971 және 1972 жылдары кассета салынатын ыңғайлы видеомагнитофондар жасап шығарған болатын. 80- жылдары видеомагнитофондар сатылымы шырқау шегіне жетті, ал 90 - жылдары олардың сатылымы құлдырай бастады.