Өртсөндіргіштің ішінде не бар? Өртсөндіргіштің қалай жұмыс жасайды?

0 дауыс
2.4k қаралым
Өртсөндіргіштің ішінде не бар? Өртсөндіргіштің қалай жұмыс жасайды?
Жұмыстағы жағдайлар

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
XVII ғасырда алғаш рет өрт сөндіру үшін ішінде су бар шыны колбалар қолданыла бастады. Алғашқы өртсөндіргішті XIX ғасырда ағылшын өнертапқышы Джордж Мэнби ойлап тапты. Ол қысымға түскен ауаның көмегімен атып шығатын суға толы цилиндр пішіндес металл болатын. XX ғасырдың басында алғашқы көпірікті және көмір қышқылды өртсөндіргіштер пайда болды. Бұл әдісті орыс инженері Лоран ұсынған болатын. Көпірік сілтілі және қышқыл ерітінділердің химиялық реакциясы арқасында алынантын. Мұндай көбікті өртсөндіргіштен сорғыш арқылы тартып алу қажет болатын. Содан соң, қазірге дейін ұнтақты және көмір қышқылды өртсөндіргіштер кең қолданыста. Алғашқысы жеңіл және ыңғайлы болғанымен, пайдасы аз. Ал екіншісі, ең алдыңғықатарлы болғанымен үлкен және ауыр.
127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы