0 дауыс
3.9k көрілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не қазақ әдебиетін таңдап,қандай мамандыққа тапсыруға болады? Және халықаралық қатынастар факультетіне түсуге болады деп естіп едім. Осы рас па? Бұл оқу орнына түскендерге қандай жағдайлар жасалады? Жауап күтемін.Көөп рахмет!

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл вузда басқа вуздарға қарағанда білім беру дәрежесі жоғары.
+1 дауыс
Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялап, әлемдік қауымдастықта дербес мемлекет ретінде танылған 90-жылдары елімізде халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану және әлемдік   экономика салаларында білікті мамандарға мұқтаждық – өзекті мәселелердің бірі болды. Осы мәселенің шешімі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да елімізде тұңғыш Халықаралық қатынастар факультеті ашылды. Бүгінгі күні факультетте 1406 студент білім алуда, олардың ішінде 453 студент мемлекеттік грант, 200 студент

«Алтын белгі» иегері болса, 20-дан астам студент университет ректорының құрметті грантын, 17 студент атаулы шәкіртақы алу мәртебесіне қол жеткізген, сондай-ақ жылына 12 студент Президент шәкіртақысына ие болады.

Факультетте Ресейден, Алманиядан, Оңтүстік Кореядан, Тайландтан, Ауғанстаннан, Орталық Азияның барлық елдерінен келген 75 шетелдік азамат оқиды, олар – студенттер, магистранттар және докторанттар.

Факультет жетістіктерінің бірі ретінде 16 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы бар жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамын атауға болады, олар халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және дипломатиялық аударма кафедраларында қызмет істейді.

Факультет құрылған күннен бастап Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста, сондай-ақ аталған министрлік халықаралық ұйымдар және мекемелермен бірлесе отырып, факультет студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтуіне, одан әрі кәсіби қызметін жалғастыруына ықпал етеді.

Факультет АҚШ, Алмания, Франция, Қытай,Үндістан, Корей Республикасының, сонымен қатар басқа да елдердің елшіліктерімен, халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, НАТО) ғылыми зерттеу институттарымен (ҚСЗИ, МЭБИ) және орталықтарымен, шетелдік өкілдіктермен, мәдени орталықтар және қорлармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Факультетте PhD докторлық бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде, осы бағдарлама шеңберінде университеттің қолдауымен жыл сайын АҚШ, Ұлыбритания, Алмания, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және басқа да елдерден 20-ға тарта шетелдік профессорлар шақырылып отырады.

Біздің факультет түлектері жоғары сұранысқа ие, түлектеріміздің 30%-ға жуығы ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінде және оның шет елдік өкілдіктерінде, 22%-ы мемлекеттік басқару органдарында (Президент әкімшілігі, Парламент және Үкімет органдары, Құқық қорғау жүйесі), 11%-ы халықаралық ұйымдардың   өкілдіктерінде, шетелдік компаниялар мен халықаралық банктерде, 30%-ы жекеменшік компанияларда қызмет істейді.

Факультет өз дамуының негізгі бағыттарын білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды көптеп тарту және қолдану, екі жақты байланыстарды кеңейту арқылы барынша жоғары білікті халықаралық мамандар дайындауды мақсат ете отырып анықтайды.
толығырақ мына сайттан біле аласыз:http://www.kaznu.kz/
рахмет)))
0 дауыс

Әдебиет пәнін таңдап, ҚазҰУ-да филология және баспа ісі мамандықтары бойынша оқуға болады. 

ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті мамандықтары:

  • Халықаралық қатынастар - Таңдау пән - Ағылшын
  • Халықаралық құқық - Таңдау пән - Ағылшын
  • Аймақтану  - Таңдау пән - ДЖ тарихы
  • Әлемдік экономика - Таңдау пән - География
0 дауыс
Сәлеметсіздерме! Менің тандау пәнім физика орыс тілінсіз 80 бал, сұрайын дегенім мен научный математикаға грантқа түсе аламынба?
...