0 дауыс
9.5k көрілді
Угриды калай кетирсем болады то есть черный точкалар кобинесе мандайыма шыгады. Маган накты жауап керек. Билсениздер айтыныздар.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сілтемеден қарап көріңіз: Мәліметке толы СІЛТЕМЕ!

0 дауыс
Негізінен оған ештеңе жағудың қажеті жоқ. Иә, баста кетуі мүмкін бірақ ол қайтадан екі есе болып шығады. Сондықтан да сабырлықпен өзінің кеткенін күту керек әйтпесе кейін бетіңізде іздері қалып қояды.
+1 дауыс

Безеулер

Пайда болу себептері

Теріде безеулер түрлі себептерден: тұқым қуалауға бейімділіктен, гормондардың әсерінен, майдың көптеп бөлінуінен, сондай-ақ асқазан  қызметінің бұзылуынан пайда болады. Тері майы ағзадағы май бездерінің сыртқа шығаратын саңырауларында тұрып қалып, бетте қара нүктелі дақтар мен қара безеулер ретінде көрінеді. Май бездерінің бітелген түтікшелері арқылы май сыртқа шыға алмай, түтік шеттерінде ағарған май тығындары пайда болады.  Оған микробтардың енуіне қолайлы жағдай туады. Ол жерде қабынған қызыл түйіндер көрініп, ол іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастағаннан жағдайда,  орнында шешек ізіндей дақ қалады. Мұндай жағдайда тұрмыстық жағдайды дұрыс құрып, безеулерді қоздырмай  ем-дәм сақтау  және бет терісін күту  шарасын өздеріңіз қадағалап отыруға тиіссіздер.

Алдын алу шаралары

Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады. Егер бәсеңдеткіш заттар керек десеңіз, олар табиғи өнімдер: жеміс-жидектер, көкөністер, қышқыл минералды сулар. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуі бар адамдарға жеміс-жидек, көкөністер күнделікті тағамы болуы қажет. Тағамның ащы немесе қышқыл болмағаны дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алу қаупі бар.

Безеулерді қалай емдеуге болады?

Ең алдымен, күніне екі рет беттің терісін сабынмен әрі жылы сумен немесе тері майлы болса, лосьонмен үнемі тазартып отыру керек. Безеу түйіндерін маманның ашқаны дұрыс. Тек булы бұлаудан кейін ғана безеулерді пісекпен абайлап немесе екі мақта соқтасымен қысып, іріңін шығару керек. Содан кейін, міндетті түрде спиртпен сүрткен дұрыс.

Ақ безеулер

Бетте ақ безеулер жиі кездеседі. Олар көбіне көз қабақтарында, самай аймағында жиі кездеседі. Бұндай безеулер арқада да болады. Ақ безеулер көбінесе түйрегіштің ұшындай, ал кейде тарының дәніндей. Олар бір-бірлеп немесе топтасып орналасуы мүмкін. Ақ безеулер көбіне майлы теріде болады.

Безеулерден қалған тыртықтарды кетіру

Мұны терінің бетін шапшаң айналатын резеңке немесе болат щеткалармен тегістеу арқылы істеуге болады. Оны клиникалар мен косметика мекемелерінде жасайды. Безеулер белгілі бір уақыттан кейін жазылады, бірақ олардан қалған тыртықтар өздігінен еш уақытта кетпейді. Сондықтан безеулерді уақытында емдеткеніңіз абзал.

0 дауыс
Оданда сабырлықпен күт.Бетіңе із қалып қалуы мүмкін.
0 дауыс
Сен  қандай  тамақ  ішесің?  Сенің  бауырың  әлсіз  болуы  мүмкін.  Себебі  бауыр  ауырғанда  сол  аурулар  бетіңе  шығады.  Сұйық   тамақты  аз  ішкеннен де  болады.  Көбіне  көп  сұйық  тамақ  ішкенің  дұрыс. Мұның  пайдасы  өте  зор.
Бауырым ауырады менин жейтин нарселерим сладкий
0 дауыс
Сыныбымда бір бала оқитын.Беті безеу болатын.Содан қиналып жүргеннен кейін,мұғалімдердің кір сабынды маска ретінде пайдалансан жақсы кетеді деген сөздері есімде қалыпты.
0 дауыс
Білмесек айтпаймыз ғо енді)) Гарирндың против черных точек дегені көмектеседі, бет тазарғанша екі күнде бір рет пайдаланып отыр) скрабпен жуғаннан кейін витамині бар кремді жұқалап жағыңыз. Жидкость реально көмектеседі беттің тазаруына, угриден құтылуда главное тазалық пен тазалық ғана, жуына беру емес, стресс, уайым қайғы да угри пайда болуда главный рөлде жүреді

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...