+3 дауыс
66.4k көрілді
Күзгі баллға таныстыру тауып бере аласыз ба?

6 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
жауап жаксыы бирак казирги заманга сай таныстыру керек еди маган комектесетин адам болса деймин жаксы жауап кайтарса екен отинем 4 кун болатын еди!!!
көп рахмет сіңліме керек еді, көшіріп алдым)))
күзгі баллға таныстыру ұл мен қыз айтатындай керек еді
Белгісіз
Өте керемет таныстыру сізге рахмет! Маған үлкен көмегі тиді көп көп рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+2 дауыс
Ендi кайтым шыгару керек тым бомаса кай сыныпта окисыз,немесе топтарыныдын аты кандай
+6 дауыс
Кутты болсын кузги балл салтанатн
Сайыста ак боз аттай оза шапкын
Бас бермей бир-бирене ушкыр оймен
Калардай естелик кып думандаткын
Естелик деген созим сонгы жыл гой
Кетермиз мектептенде тасалап бой
Енсени биык устап тик котерип
Жеткизеде билейк саналы ой
Таныстырып отемин озимди мен
Максатыма жетемин тек коздеген
Руым.....деген елдин
Ару кызы мен ..... .....акем
Бул сайыста оз жубым ..... болды
Есимине сай танылган он мен солы
Оз жубыма саттилик тилек тилеп айтп
Тек кана алга бассын деп омир жолы
Ал биз бугин 11"А"сынып тулектери
Осылай копке малим тилектери
Арине алтын уя кымбат аркез
Куансада кимастык журектери
Жетейк жарыстардан жарыстага
Биреумиз женилмесек калыс барма
Бугин окушы келешек азамат боп
Жетейк сол кезде мол табыстарга
САЛЕМ МАГАНДА КУЗГИ БАЛЛГА КЫЗБЕН БАЛАГА ТАНЫСТЫРУ ШЫГАРЫП БЕРСИЗБА
Өтінем сайттың ережелерін сақтай отырып қазақша әріптермен жазыңыз
+2 дауыс
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Қансырап Далам талай қылыштардан,
сонда да сүрінбеген Шығыс-тарлан.
Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған,
бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ Баян сұлу Жібек - ерен гүлім,
жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен өмірімен, өлімімен
жігітті қалай сүю керектігін.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шын-құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!
+1 дауыс
Мейірім, нұрым- ұстазым

Нәр алған сенен ұрпағың,

Әлемнің жарық сәулесі,

Шұғыласындай сәскенің.

————————–
Құшағыңда құлпырып,

Достар менен бірге өскенмін.

10 Ә- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

Мадияры мен боламын.
———————————-

Шыр етіп туысымен адам болдым,

Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.

Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,

Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
———————————-
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,

өріске ойдағыдай барысыма.

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетем үздік өнер намысына.
————————————
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,

Керемет қызық өнер құрғаныма.

Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.

Шығамын биік өнер шыңдарына!
———————————-
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,

Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,

Білім мен тәрбиенің күшін қосып,

Орнаған сыныбыма бағын көріп.
——————————
Қуанам сыныбымның нұрларына,

Достарымның толған ой мен қырларына.

Тәрбиелеп өсірген жемістерін

Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
————————————
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам

Ғылыммен елің үшін танысқанға,

Өнердің сара жолын салып берген,

Бас ием Ұлы Абай данышпанға.
Менің тобымның аты Отан. Оның мүшелері Назира, Керемет, Медет, Қобыланды, Бекзат, Бибарыс. Оның топ басшысы Назира. Осыларды өлең жолдарына қосып таныстыру шығарып берулеріңізді сұраймын. Өтінемін тезірек керек еді.
0 дауыс
құрсын битписиндерма оданда кара созбен бирак ерекше кып кыз адеми бакта келе жатад кенет жанбыр жауып кетед содан жигит адеми колшатырын акелип комектесип сол кезде танысатын кып бир биринин атп сурап кай жерден екенин содан сон екеуи келисип кузги балга катысатын боп сол кузги балдын ханшайымы мен ханзадасы боламыз дегендей кып келтирсендерщ

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...