Махабат Аллахтың адамдарға берген, бір бірлерімен байланыста, қарым қатынасы үшін берілген сезімі. Ол сезім Аллахтың мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдермен ұштасып жатады деп ойлаймын. Бірақ құлай сүю, сүйгеніңді өміріңнің мәні қылып, қуып кетпеу керек. Мен сенсіз өмір сүре алмайм деген сияқты. Немесе сен үшін жан пида деген сияқты. Аллах қасиетті Құранда Аллахтан артық ешкімді жақсы көрмеңдер дейді. Себебі бүкіл өмірді жаратқан, сен сүйетін адамыңды жаратушы, сіздерге сондай сезім сыйлаған Аллах.