0 дауыс
559 көрілді
Түркия Республикасына 90 жыл

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тарихынан бастап болашағына дейін көз салғаның жөн болар. Мында, мында және мұнда көз шолып өтіп, теріп алып, өзің ойдан да қосып шынайы етіп жазарсың.

Түріктер ертеден абыройы асқақ халық болатын.

Түрік  халқы егемендіктерін, жерлерін толығымен  сақтап қалуға, басқыншы жауға тұрарлықтай тойтарыс беруге бар күшін сала тырысты, сонымен бірге өздерінің мемлекеттерін де  құруды ойластырды, бірақ ол үшін Түркияны құлдыраудың  шегіне жеткен Осман империясының құлағандарынан аршып алу керек еді, әлдеқашан билікті тізгінінен шығарып алған ескі үкiметті құлатып, орнына заманауи, саяси, әлеуметтiк бағдардағы және экономикалық дамуға талпынған жаңа мемлекет құруды армандады. Чанаккалені одақтастар  Ұлыбритания, Франция, Австралия мен Жаңа Зеландияның әскери-теңіз күштерінен қорғау үстінде Осман қарулы күштерінен алдыңғы қатарға шыққан, Генерал Ататүрік дәл осыны мақсат тұтты. Галлиполиде одақтастарды жеңген Түркия, империялық жоспарлардың үстінен жаңа бағдар көргендей болды. Ататүрік өткен  дәуірмен толықтай байланысты үзіп, халықты  заманауи талаптарға сай біріктіргісі  келді, ол осылайша Түркияны Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің дәрежесіне жеткізбекші болды. 1923 жылы 29 қазанда Түркия мемлекеті құрылды, оның алғашқы президенті болып Ататүрік сайланды. Зайырлылық қағидатына  мемлекеттік және діни істердің бөлінуі арқылы қол жеткізілді. Арап әліппесінен латын әрпіне ауыстырылды, әйелдер сайлауға және парламент мүшесі болып сайлану құқығына ие болды. Сонымен қатар көптеген әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды, олар Түркияны толығымен заманауи мемлекет болып қалыптасып, өсіп-өркендеуіне алып келді.

Ататүрік 1938 жылы дүниеден өтті және артынан түрік халқы мақтан тұтарлықтай мирас қалдырды. Егемендік үшін соғыстан кейін өз-өзіне деген сенімін арттырған ұлт, саяси, интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік құндылықтардың мирас қоры болып, бұл құндылықтарды қорғауға ниетті қоғам қалыптастырды. Түркия – 80 жылдан астам уақыттан халықаралық қоғамның мүшесі. Бұл процесте көптеген қиыншылықтар кездесті. Дегенімен Түркия, Ататүріктің саясатына, салып кеткен жолын мықтап ұстанды. Мемлекетте көп партиялық, демократиялық жүйе құрылды, жемісті және белсенді азаматтық қоғам қалыптастырылды, индустрияландыру және нарықтық экономика жолына түскен Түркия күн өткен сайын қарқынды дами бастады.Түркия НАТО-ның, Еуропалық кеңестің, Кеден одағының  мүшесі болып қана қоймай, Еуропа - Батыс одағымен де байланысын күшейтті. Бұл бетбұрыстар  Осман империясынан бергі радикалдық өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта да бұрынғыдай модернизациялау қарқынды жүргізілуде. Түркия Исламның және Осман империясының мұрагері, батыс мемлекеттеріне ұқсағанымен өзінің шығыстық өткен шағынан қалған көне іздерін әлі де сақтап қалуда. Шығыс пен Батыс, азиялық пен еуропалық мирас – бұның бәрі қазіргі Түркияның мәдениетінде қоса араласып жатыр. Осындай үйлесімділіктің  белгісі Стамбулдағы Босфор бұғазы, ол өткені мүлде бөлек, ештеңеге ұсамайтын екі құрлықтың арасын қосып тұр.

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған Түркия Қазақстанның Президент Назарбаевтың көрегенді жетекшілігімен тәуелсіздігін алғалы бері өткен қысқа мерзім ішінде қол жеткізген жетістіктері мен халықаралық қауымдастық арасында ие болған беделін өте жоғары бағалайды. Осы орайда, Түркия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде жүргізіп отырған табысты жұ-мыстары мен осыдан 11 жыл бұрын, 1999 жылы Стамбұлда өткен саммиттен кейін өткелі отырған алғашқы ЕҚЫҰ саммитінің ұйымдастырушысы болуына қанағаттанарлық танытады.
Қазіргі күні түрік кәсіпкерлердің Қазақстанға құйған инвестициясының жалпы көлемі 2 миллиард долларға жетіп, түрік құрылыс компаниялары алған жобалардың жалпы құны 10 миллиард доллардан асып түсті. Осы жағынан Түркиядағы қазақстандық кәсіпкер санының да қарқынды түрде артуы бізді үлкен қуанышқа бөлеуде. Қазіргі әсем келбетіне қауышуына түрік құрылыс компаниялары көп еңбек сіңірген Астана қаласы түрік-қазақ ынтымақтастығының символына айналды.

Бүгін Түркия Республикасының 87 жылдығын тойлаудамыз. Түркия Республикасы құрылған күнінен бастап, осы күнге дейін Мұстафа Кемаль Ататүріктің «Отанда бейбітшілік – әлемде бейбітшілік» деген қағидатына негізделген, әлемде және көрші елдерде бейбітшіліктің орнауы мен сақталуына және тұрақтылық пен дамуды арттыруға бағытталған, жан-жақты, мақсатты, сындарлы, саналы және гуманистік саясат жүргізуде. Осы шеңберде, Түркия трансатлантикалық байланыстарға үлкен мән береді және мүшесі болып табылатын НАТО одағының халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған іс-шараларына белсенді түрде үлес қосуда, көршілес елдермен қарым-қатынастарын нығайтуда.
2009-2010 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі болған және қазіргі күні Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы болып отырған Түркия, өз аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталып нығаюы және ынтымақтастық арқылы әл-ауқатты арттыру мақсатында жұмсалған ынта-жігерлерінен жинақталған тәжірибесін жаһандық деңгейде бейбітшілікке үлес қосу, қазіргі және болуы мүмкін проблемаларды шешуге көмектесу және өмірді барша адамзат үшін бейбіт ету үшін ең тиімді түрде пайдалануда.

Түркия және Қазақстан халықтарын ортақ тіл, тарих және мәдениет байланыстырады. Осыған орай, Түркия Қазақстанмен қарым-қатынасына үлкен мән береді.

0 дауыс
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D0%B8%D1%8F
...