Мысеке,мен Абай атамның қасында кіммін,бірақ амал жоқ"ДАТ"-деймін.Мен бабаларымыздан қалған мақалдарды Абай атамнан арашалап көремін.Себебі өз түсінігімде бұл мақалдардың бәрі де өте дәл,тіліп түсер өткір мақалдар деп білемін.
1)-" Жарлы болсаң,арлы болма"-деген мақал менің түсінігімде,өзің кедей бола тұрып кесірленбе,жалған арланба,жомарт беріп тұрса ал,үйіңде қатын-балаң аш-жалаңаш отыр,солар үшін өз арыңды құрбандыққа шал садаға ет дегені деп білемін.Өз жан-ұямнан арымды жоғары қойғанымша солар ұшін жанымды да қиғаным жақсы деп ойлаймын.
2)-"Қалауын тапса,кар жанады"- деген де керемет мақал. Сен бір тірлікті қалай болса солай жоспарсыз бастасаң айлап істе,жылдап істе бәрібір түк шықпайды.Еңбегің еш болып,бар жиған-тергеніңнен айырылып,екі саусағыңды мұрыныңа тығып қаласың.Ал енді сол тіршілікті көзін туып,ебіне келтіріп жоспармен істесең қысқа ғана уақытта бітіріп бейнетіңнің зейнетін көресің.Міне қалауын тауып қардың жанғаны осы.
3)-"Атың шықпаса, жер өрте"-дегенде,бұл мақалды бабаларымыз үлгі,бағыт-бағдар есебінде емес,сақтандыру,жирендіру,кекесін мақсатында айтып отыр.Мысалы бұл мақал қазіргі "жетпіс мұсылманды құрбандыққа шаламыз"-дегендерге дәл келіп отыр.Кім бұларды жақсы дейді,бірақ атақтары шығып жатыр.Міне осынлай жаманатпен аттарың шығып қалмасын деген ойдан туған мақал деп түсінемін.
4)-"Алтын көріп,періште жолдан тайыпты"- деген мақал мыңдаған жылдар бұрын айтылса да дәл бүгінгі күннің суретін беріп тұрған мақал.Бұл жерде бабаларымыз Алланаың елшілері періштелерді емес,,адамдар арасындағы қызметінде періштедей адал болуға міндетті әділ қазыларды,соттарды,қолында билігі бар ел ағаларын айтып отыр.Соларды көзден шұқып отырған жоқ па?Жақындағы ғана Қазақстанның Жоғарғы сотындағылардың әрекеті дәл келмей ма,байқасақ.
5)Бұл мақал -"Ата -анадан қалған мал тәтті,Алтынды үйден шыбын жан тәтті"-деп айтылатынын білуші едім.бұл жерде Абай атамның неге өзгертіп алғанын түсінбедім.Бұл мақалды түсіндіріп жатудың өзі артық.
Әкеңнің бөліп берген еншісі дүниедегі ең артық мүлік сол, ол әкеңнің көзі деген сөз,бұл жерде сол туралы.Ал жанға тірелгенде малда,атындаған үйіңде құрбандыққа шалынып кететіні рас қой.
Сонымен Абай атам өзі кешірсін,мен бұл мақалдарды даналық деп білемін.