+1 дауыс
6.8k көрілді
Арайлап атқан жарқын күн,сіздерге жақсы көңіл-күймен өтсін.Бүгін Қазақ елінің мейрамдарының бірі,Амал мерекесі.Сіздерге ашқы аспан,молшылықта,отбасыңызбен бақытты,күліп-ойнап жүре беріңіздер!

3 жауап

+2 дауыс

Баршаңызға жасқа шығуларыңызбен! 

Бұл мерекені білмейтіндерге түсіндіріп кетейін (батыс өңірі ғана тойлайтын сияқты), бұл күні барлық үйде дастархан жайылып тұрады, бұл күні жақын-жуық, көрші-көлем барлығына кіріп амандасып шығу керек. Бұл мейрам ағайын арасындағы ренішті ұмыттыратын, табыса алмай жүрген туыстарды табыстыратын, өте жақсы мереке. 

+2 дауыс

Рахмет, сіздіңде бір жасыңызбен!!! қазір бұл мейрам ұмытылып бара жатырғандай, бала кезімізде ауылдағы барлық үйлерге кіріп көрісіп жүруші едік, қазіргі балдар үйлерінен шықпайды, 

+3 дауыс
Наурыз – жылдың алғашқы  күні. Түптен келгенде, біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет...  Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады. Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу, осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той – Наурыз тойы! Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық.

Ұқсас сұрақтар

...