+1 дауыс
12.8k көрілді
Қартқожа романындағы Қартқожа бейнесін жазып бересіз ба?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қартқожа момын бала. Әке-шешесі де сондай момын адамдар еді. Мәтінде: «Жұман – момын адам. Кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды. Тірі пендеге зәбіір жоқ, қоңыр адам. Қуанышы – 3-4 қарғасы. Шешесі – момын, біртоға жан. «Қарағым, шырағым» дегеннен басқа бөтен сөзі жоқ»(188-бет).

Портреті де осы момын, сүйкімді бейнені береді. «Бір жапырақ қағазына үңілген бір бала отыр. Жасы 10-11 шамасы. Екі жеңі сауыс. Бетінің бір жағы сатпақ. Көзінің былшығы да тазармаған. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ. Момақан, аңқау. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой. Сол бала осы»(186-бет).

Қартқожа жасынан-ақ білімге құштар жас боп өсті. Қандай қиын кезең оның алдын тосса да, ол бағытынан қайтпады. Романда ол бірнеше жерде беріледі. Мәтінге құлақ түрейік: «Өзге бала алақтап, ойнап, өтірік ыңылдап, бірдемемен алданып отырғанда Қартқожа жалықпай қағазын шұқылап отырады» (157-бет).

Қашан да ол оқудан күдер үзеді. Ол арманға айналды. Бұл жай романда былай беріледі: «Түсінде де оқып жүретін еді» (194-бет). Немесе:  «Үшкөлге түсетін де күн болар ма екен. Жатсам да, тұрсам да ойлаймын… Әй, дүние-ай, — деп күрсінді. Жүсіпке еріп қалаға баруға сөз байласты»(198-бет).

Қартқожа – намысты жан. Байлардан көргені қорлық-зорлық. Қай кезде де намысын қамшылап, кегімді алсам-ау» деп ілгері жетелейтін. Бұл ойы мәтінде былайша берілген. «Талайша қорлықты көрді. Көрген қорлық-зорлық толып жатыр. Осының бәрі Қартқожаны ойландырды. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен! – деп ішінен зығыры қайнап жүрді», — (188-бет) деп келтіреді.

Қартқожаның жүрегі – жылы жан. Бауырмал. Қанша оқығысы келсе де үй шаруасы оңалмай жатқан соң, кете алмай жүр. Әжесін қадірлейді. Қартайған шақта оны зарлатып тастап кетуге қимайды. Ағасы Тұңғышбай да бұл кезде о дүниелік боп кетті. Енді оның балаларын жетімсіретіп тастап кеткісі де келмеді.
...