әрине ауыл өзім ауылдан шыққасынба әйтеуір ауыл ұнайды, ауасы тіршілік дегендей
Ауылда қалада жақсыго,
Ауылым алтын бесігім!Ауылда туылдым,ауылда өстім.Қазір қалада оқимын.Тәтті балалық шағымның бәрі де ауылда өткендіктенбе? ауылым жақсы секілді!
Ауыл жақсы.......
ауыл жақсы ауыл ауасы таза шулы емес, ал қала шулы машиналар өте көп
Қала тұрмысы оңайлау, ал енді ауыл тұрмысы қанша десек те ауырлау ғой, айырмашылық сонда болар. Болмаса ауылға не жетсін, десекте қалалықтар ауылға барып өмір сүруге келісетіндері некен саяқ. Былайша ауыл жақсы, ауыл керемет деп айта береді, әрине бір-екі күнге барып қымыз ішіп, ет жеп қайтқанға ауыл жақсы, ал енді үшінші күні көбі қалаға қашады.
Өнер адамына қала жақсы. Тіршілікқұмар адамға ауыл жақсы.
Мен үшін қала жақсы сияқты.
Ауылда туып өскенмін. Маған ауыл ұнайды. Таза ауа, кең жазық дала. Ауылды қаламен салыстырсақ қалада адам өте көп. Ауасы да жағымсыз. Далаға шығып футбол ойнай алмайсың. Арнайы футбол алаңына бару керек . Оның өзі тегін емес. Ал ауылда футболдың қақпасын таспен-ақ жасай салып ойынға кірісетінбіз.
Маған ауыл ұнайды.