0 дауыс
1.6k көрілді

Алматыдағы Қайрат футбол академиясы ақылы ма әлде тегін бе?Ақылы болса бағасы қанша?

3 жауап

0 дауыс
Ақылы. Жаттықтырушы Сәрсенбек Оқасовтың балаларды футболға баулып жүргеніне 20 жылдан асыпты. Бапкер Алматыдағы футболдың халы мүшкіл дейді. - Қалада футбол алаңдары мүлде жоқ десе болады. Барлық стадиондар жекеменшікке өтіп кеткен. Ал футбол алаңдарының жаңа қожайындары балаларды тегін кіргізбейді. Сағатына 30 мың теңге төлеу керек. Жалпы, біздегі стадиондар мен футбол алаңдарының мұражайдан еш артықшылығы жоқ (дұрыс пайдаланылмайды деген сөзі - ред.), - дейді жаттықтырушы. ЖАЛҒА АЛУ ҚҰНЫ - САҒАТЫНА 50 МЫҢ ТЕҢГЕ Сәрсенбек Оқасов «қаладағы спорт мектептерінде де стандарттарға сай алаң жоқ» дейді. - Алматы қаласындағы Тастақ ықшам ауданында №2 балалар спорт мектебі бар. Біраз жыл бұрын осы жерде үлкен футбол сыныбы ашылған. Бірақ балаларға арналған алаң жоқ. Жас футболшылар кеңестік заманнан қалған шағын алаңда жаттығады. Оның өзі 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Басқа спорт мектептерінің барлығы да бүгінде футбол алаңынсыз отыр, - дейді жаттықтырушы. Алматыдағы «Динамо» стадионы. (Көрнекі сурет) Қалалық әкімдіктің есебі бойынша, Алматыда 6 стадион тіркеуде тұр. Ең ірісі – Орталық стадион мен «Динамо». Ірілі-ұсақты «Локомотив», «ЦСКА», «Спутник» және Рысқұлов университетінің футбол алаңдары бар. Алайда бұл стадиондарды жалға алу қымбат. Мария есімді «Динамоның» жалға беру бөліміне жауапты қызметкері «Үлкен алаңды 1 сағатқа жалға алу құны - 50 мың теңге, ал балалар алаңы 30 мың теңге тұрады» дейді.
0 дауыс

Әрине ақылы.Ол қатысушылардың жастарына қарайды.

0 дауыс

Қайрат футбол академиясы ақылы .

...