+1 дауыс
1.0k көрілді

Мобильдік банкинг деген не және оған қалай қосылу керек?

1 жауап

0 дауыс

Мобильдік банкинг –  мобильдік телефоныңызға келіп түсетін SMS-хабарламаларының көмегімен карточкадағы ақша қозғалысын тәулік бойы басқару жүйесі.                     

«Мобильдік  банкинг» жүйесіне қосылу арқылы Сіз:

Банкке келіп жатпай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында, мобильдік телефоннан сұрату жіберу арқылы өзіңіздің карточкалық шотыңыздың жай-күйі туралы (ақша қаражатының қалдығы, соңғы он транзакция, банк алдындағы берешек туралы) ақпарат алуыңызға болады;
карточкалық шотыңыз бойынша жүргізілген әрбір операция немесе авторизация туралы Банктен автоматты түрде SMS-хабарлама алып отыруыңызға болады;
қажет болған жағдайда тиісті SMS-хабарлама жіберу арқылы карточкаға оқшаулау қоя аласыз;
мобильдік телефон байланысын пайдаланғаныңыз үшін ұялы телефоннан төлем жасай аласыз;
«Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылған карточкалар мәртебесі туралы ақпаратты тегін алуыңызға болады және бұл карточкалар бойынша мобильдік банкинг қызметтеріне уақытша оқшаулау қоюды /оқшаулауды бұзуды іске асыра аласыз.

«Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылу банкоматтар арқылы немесе Банк бөлімшелерінде жүргізіледі.

Аталған қызмет түріне банкомат арқылы қосылу үшін:

мобильдік телефоныңыз бойынша ақпарат алғыңыз келетін карточкаңызды банкоматқа (Халық банкінің кез келген банкоматын пайдалана аласыз) салыңыз;
банкоматтың экранынан бірізділікпен мына қызметтерді: «Мобильдік  банкинг» - «Мобильдік банкинг» жүйесінде тіркелу» таңдаңыз;
Банк Сізге SMS-хабарлама жіберіп отыратын мобильдік телефон нөмірін оператордың кодымен бірге көрсетіңіз;
«Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтер пакетінің бірін – карточка бойынша операциялар туралы хабарламасы бар пакетті  немесе хабарламсы жоқ пакетті таңдаңыз:

толық пакет – Банктен жіберілетін хабарламасы бар сервисті пайдалану, бұл жағдайда ай сайынғы абоненттік төлем қарастырылған;
толық емес пакет – сервисті сұратулар бойынша пайдалану, бұл жағдайда абоненттік төлем ұсталмайды.

чекті алыңыз.

Банкомат арқылы қосылу кезінде техникалық проблемалар болған жағдайда, Банк бөлімшесінің менеджеріне барып өтініш жасаған жөн.

Егер Сіздің карточкаңыз бойынша берешек болмаса және мобильдік телефон нөмірі дұрыс көрсетілген болса, жүйеге қосу 2 банктік күннің ішінде жүргізіледі. Жүйеге қосылу фактісі бойынша Сіздің мобильдік телефоныңызға SMS-хабарлама келеді.

...