+1 дауыс
395 көрілді

Тауарлар мен қызметтер үшін сауда орындарында ақы төлеуді қалай жүргізу керек?

1 жауап

0 дауыс

Тауарға /қызметке ақы төлеу үшін сауда /сервис орнында карточканы ұсыныңыз, Сізден жеке басыңызды куәландыратын құжат сұратылуы мүмкін, бұл Сізге карточка иеленушісі ретінде сәйкестендіру жасау үшін қажет. Төлем жүргізу кезінде Сіздің карточкаңыздағы қажетті төлем сомасына оқшаулау қойылады, одан әрі бұл сомаға пайдалану үшін қол жеткізу мүмкін болмайды. Егер операция сәтті жүргізілген болса, Сізге чекке қол қою керек болады, қол қоймас бұрын, алдымен чектегі көрсетілген операция сомасын және күнін тексеріп алу керек. Сіздің чектегі қолыңыз карточкаңызда қойылған қолыңызбен салыстырып тексеріледі. Чектің көшірмесі Сізге беріледі. Чек көшірмесін сақтап қойған жөн, егер Сізде жасаған саудаңыз бойынша сауда /сервис орнымен проблемалар туындайтын жағдай болса (карточкадан артық сома ұсталып қалса, қажетті сома екі рет ұсталса немесе соманы қайтару қажет болса, т.б. жағдайлар), чек қажет болады.

Мына жағдайға назар аударыңыз:  карточкаңыз бойынша операция Сіздің карточкалық шотыңыздағы валютадан бөлек, басқа валютамен жүргізілетін болса, мәселен, шетелде жасалған саудаға ақы төлегенде,  карточкалық шоттан ақша есептен шығарылатын күнгі Банкте белгіленген  бағам бойынша валютаны айырбастау жүргізілетін болады.

Тауарлар мен қызметтер үшін Интернет арқылы ақы төлеуді қалай жүргізу керек?

Төлемді Интернет арқылы карточкамен жүргізу үшін:

интернет-транзакцияларына қойылатын шектеулерді алып тастау үшін (Virtuon карточкасынан басқасы) Байланыс орталығына телефон шалу керек («Қауіпсіздік шаралары» деген бөлімді қараңыз);
қажетті сайтқа кіріп, сатып алу ойыңыз бар тауарды ресімдеу және «Сатып алу» батырмасын басу қажет;
өзіңіздің дербес мәліметтеріңізді енгізу керек;
карточкамен төлем тәсілін таңдау керек;
карточка деректемелерін («карточка иеленушісінің аты», «карточканың әрекет мерзімі», CVV2-коды немесе CVC2-коды. 3-D Secure деген жолдарды) енгізіп, «Төлем» деген батырманы басу қажет.

Егер карточкадағы ақша сомасы жеткілікті болса және карточканы авторизациялаудан бас тартуға себеп болмаса, экранға тапсырыстың сәтті төленгені туралы чек шығарылады.

Интернет-төлемдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  Сізге карточкаңызды 3-D Secure қызметіне қосып алуды ұсынамыз, қызметке қоылсу мүлдем тегін жүргізіледі.

3D Secure (Visa International технологиясы)/ Secure Code (MasterCard International технологиясы) деген не?

Бұл - Visa International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің жасап әзірлеген технологиясы. Интернет арқылы on-line режимінде карточкалық операциялар жүргізу барысында, рұқсат етілмеген (санкцияланбаған) карточкалық операцияларға жол берілу тәуекелін азайту және Интернет желісіндегі карточкалық операциялардың қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, клиентке қосымша сәйкестендіру жүргізу үшін қолданылады.  3D Secure/Secure Code-кодын клиент карточка пайдаланылатын бүкіл кезең ішінде құпияда сақтауға тиіс. 3D Secure/Secure Code дұрыс терілмеген жағдайда, егер клиент Банктің Байланыс орталығына ауызша өтініш жасаған болса, Банк 3D Secure/SecureCode оқшаулауын алып тастауды іске асырады.

3D Secure/ Secure Code – бұл :

интернет-төлемдерінің  қауіпсіздігін арттыру
сіздің қатысуыңызсыз операция жүргізілмейтіндігіне сенімділік.

Карточканы 3-D Secure-ге қосу үшін:

банкомат /банктік терминал (киоск) арқылы пароль алу қажет;
карточкаңызды Банктің сайтында (сілтемені көрсету) тіркеу керек.

3D Secure/Secure Code  қалай жұмыс істейді?

3D Secure/Secure Code технологиясына қолдау көрсетілетін  интернет-дүкенде операция жүргізу кезінде Сізге парольді енгізу ұсынылады. Пароль енгізілгеннен кейін интернет-дүкен мен Банктің арасында қорғанысы бар қосылыс орнатылады және Сіздің енгізген мәліметтеріңізге сәйкестендіру жүргізіледі. Интернет-дүкен сәйкестендірудің сәтті жүргізілгені туралы Банк растамасын алған жағдайда ғана жасалған сауда төлемі жүзеге асырылатын болады.

3D Secure /SecureCode технологиясына қандай интернет-дүкендерде қолдау жасалады?

3-D Secure технологиясына қолдау жасалатын интернет-дүкеннің сайтында  және (немесе)  логотиптері орналастырылған.

...