0 дауыс
42.2k көрілді

8-наурызға 8-сынып қыздары мен 9-шы сынып қыздарына өлең шығарып бересіздер ме ? Күлкілі қылып 

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
*
Достар менен туыс десіп
Шаңырақты биіктетіп,
Жанұяны ырысты етіп,
Сәбиіңді иіскетіп, Арулар
Бұл өмірде тек бақытты табыңдар!
Ауылыңа шырай беріп,
Ата-ананы сыйлай келіп,
Ар-иманды шындай көріп,
Қиындыққа сынбай берік, Арулар!
Тіршіліктің жұлдызы боп жаныңдар!
Ақылы мен сәнін көріп,
Жүректерге жалын беріп,
Сүйгендерге нәрін беріп,
Күйгендерге бәрін беріп, Арулар
Махаббаттың шуағы болып қалыңдар!
Арулар!
Сендер аман,
Сендер аман болыңдар
*
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
*
Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан 
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.
*
Сендерсіз керек емес дүниенің,
Сендерсіз болмайды екен бакытың да,
Сендерсіңдер табатын жүрек емін,
Сендерсіз бос өтеді уакытың да,
Сендерсіз қандай бақыт, қандай шаттық,
Сендерсіз айғайлауда ақымақтық,
Сендер тіпті болашақ анасыңдар,
Сендерсіз ұрпақты біз қайдан таптық
*
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан. 
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам 
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын! 
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың, 
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың, 
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр. 
*
Құтты болсын мерекең!
8 Наурыз 2012 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!
Кәкен Темірханов, зейнеткер ұстаз.
*
Әйел деген - бiр әлем!
Келiс мейлi,келiспе.
Әр отаудын Кунi ол,
Орбитасы ерекше!!!
Әр ошақтың жылуы,
Бақыты мен бағыты.
Әр жiгiттiн жартысы 
Таңдап алган сұлуы!!!
Әйел деген - бiр әлем!
Ай да, Күн де бiр озi,
Түнi де оның жап-жарық
Жарықтың жалғыз көзі! (Жарқын Өтешова)
*
Аналарға арнау
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Естеу Нүсіпбеков  http://www.yesteu.kz
*
Осы мерекенің иелері,
бар адамзаттың табынары мен киелері,
қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,
мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,
адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған,
қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,
әсем көркімен, жүрегінің өртімен
небір дана мен данышпандарды табындырған,
сүйсе құлай сүйетін,
нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін
аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,
жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,
асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,
дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
 
БҮРКІТБАЙ ЖАҒЫПАРҰЛЫ

*
Қасиетім, қадірлім           Нұрперзент Домбай
 
Осы қыздың нұрға толса жанары,
Көкірегімде үміт шоғы жанады.
Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,
Сәуір самал сергітеді сананы.
 
Кірбің күндер жырақ жүрсін жанынан,
Тайдырмаған бақытынан, бағынан.
Қыз сезімін биік қойған ел едік,
Бәрінен де, тіпті ханның тағынан.
 
Сен сұлусың, асқан ару жоқ басқа,
Қателеспе, аңдаусызда шоқ баспа.
Қасиетіңді қарағаннан қалт ұққан,
Ынтық болғай тек жігіттер нар қасқа.
 
Қыр гүлдері иісін бойға сіңірген,
Ару күнмен аспандағы тең күлген.
Ерініңде бал бұлақтың шырыны,
Шырын дәмді желпіп өткен жел білген.
 
Қазақ қызы – қасиетім, қадірлім,
Нақ өзі ол ұятым мен арымның.
Тағдыр, оның қайғырғанын көрсетпе,
Шапағаты шаттандырсын әңірдің.
*
Аруларға құрмет (Тамада кітабынан)
Тұрғанында көктем, жастық мөлдір көк,
Ғашық отын уақыт қалай сөндірмек.
Сұқтандырар сұлу қыздар болмаса,
Мына өмір кетеді екен солғын боп.
 
Пәк махаббат жүрек терге гүл жайып,
Ғашығын күннен күнге ұлғайып.
Айдындағы аққу сынды ғажайып,
Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық.
 
Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,
Аруларды сүйе білгін адал-ақ.
Сол арулар – ертеңгі ұрпақ анасы,
Өтейікші алақанда аялап!
*
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
*
Аруға Тамада кітабынан
Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
 
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
 
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
 
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
 
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!
*
Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
Әйел деген өзің шыққан негізің
Әйел деген жүзіп жүрген теңізің
Әйел деген қамқоршың да, жарың да
Әйел деген өз қосағың егізің.
 
Осы айтқанның бәрі дұрыс, анық, шын,
Түсінбейтін адам болса қанықсын.
Әйел деген болса теңіз өмірде,
Сен толқынға шыдамайтын қайықсың.
 
Әйел жаны төзімді де асыл, ақ,
Шындық болса несіне ақыл жасырад.
Жетті көзім мына қиын заманда
Еркектерді әйелдер жүр асырап.
*
8 наурызға
О, періште Анам!
 
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
 
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
 
Жыртылмастан жағаң,
Щарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
*
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
 
Болса өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
 
Қарау жүрсін қашық,
Алшы түссін асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
 
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!

Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
 
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
 
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...
*
Кемел Кеніш Анаға
Перзентке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
 
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.
*
Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
- Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
 
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
 
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.
*
Аналарды құттықтау
Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
*
Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
*
Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
*
Құрбы қыздарды құттықтау
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.
Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,
Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.
Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  
Берекелі шаңыраққа қонғайсың.
*
Аяулы құрбыжан, Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсың.
Әйелсіз-ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
*
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.
*
Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.
Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.
Сіздер барда ер-азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман-сау жүргейсің.
*
Дүниеге қан тамырдай тарайтын,
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қаратын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!
*
Сүйікті жарға ақ тілек
Бақытымның бастауы, ғұмырымның шынары, өмірімнің сыңары, бүлдіршін ботақандарымның аяулы анасы, 8 наурыз мерекеңмен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда отбасымыздан шаттықтың күлкісі үзілмесін. Өзіңе бар тілегімді арнап, ғұмырымның соңына дейін қасымда болуыңа тілектеспін.
Өмір бізге артқан екен мол сенім,
Көңіл бізге тартқан сый қып көл сезім.
Ғұмырыма қуат берген қашанда,
«Мәңгі сүйем» дейтін сенің сол сөзің.
Бар ғаламның сұлулығын, сүйіктім,
Тек өзіңмен келбетіңмен өлшедім.
Мерекең құтты болсын, Аяулым!
*
От жанарың күйдірердей күн бетін,
Қызғалдақтан сұлу сенің суретің.
Бұл көктемнің жылылық пен мейірі –
Менің саған арнаған бар құрметім.
Адалдықтың асқары да өзіңсің,
Сені сүю – о бастағы сүннетім.
Сенсіз мынау жарық шашқан күн де түн!
Сенсіз менің ғұмырым да тұл жетім.
Саған деген бар махаббатымды жыр жолы түгілі, ғарыш көктегі құс жолына да сыйдыра алмаспын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулым!
 *
8 Наурыз күнгі сөз
Қылықты мінез қыздар-ай,
Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?
Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,
Қалармыз үнсіз біз қалай?
Қадірлі қыздар,
Құтты да болсын мереке,
Мереке болса елге де келер береке.
Дастархан толы дәм-тұзын
Жігіттер біздің ер екен.
(Сейфолла Шайынғазы)
 

Орта жақтарын оқыдың ба не деген ұятсыз өлең.
–2 дауыс

Алдыңмен - артыңмен,

сегізінші мартыңмен! - десей

Қақа өлтірдің, епті 7 күн болып ед күлмегеніме.
...