Менің ең жақын досым ол – менің анам. Тек оған ғана бар құпиямды айтып, ашық сырласа аламын. Ол ешқашан көмектесуден бас тартқан емес, үнемі ақыл-кеңестерін беріп отырады.
Анам қашанда адамдар арасында сенім болу керек дейтін. Ол маған игі істер жасауды, көмекке мұқтаж адамдарға көмек қолын созуды үйретті. Оның айтқан сөздерін іс-әрекетінен де байқауға болады, анам ешқашан ешкімге жамандық жасаған емес. Оның аялы алақаны өзінен мейірім шуағын шашып тұрады. Жабырқаған сәтімде анамның құшағына еніп, жай ғана үндемей қалатынмын. Ол ешқашан артық сұрақ қоймайды, керісінше мен өзім қашан көмек сұрағанымша күтеді. Ол еш уақытта өз пікірінен таңбай тұрып алған емес, мені тұлға ретінде сыйлап, әркез маған қолдау көрсетеді. Егер менен қателік кетсе, маған ұрыспайды, жіберген қателігімді айтып, оны жөндеуге тырысады.
Менің достарым анама үлкен құрметпен қарайды. Ол өте қонақжай және менің достарымның барлығымен де жақсы таныс. Қиын сәттерде анам оларға көмек қолын созуға әрдайым дайын тұрады. Біздің үйде жануарлар өте көп: мысық, ит, атжалман, тотықұс, балықтар. Анам жануарлар біздің жауапкершілік сезімімізді арттырып, бір-бірімізбен жарасымды өмір сүруге көмектесетінін айтады. Көп балалар анасы туралы осындай ойда екенін білемін, бірақ менің анам, шыныда да, ең керемет! Мен оны жақсы көрем!
Сөзбе-сөз аударса мағынасы өзгеріп кетеді