+1 дауыс
791 көрілді

Мен қоныс колониясында жазамды өтеп жатырмын, шарты түрде мерзiмнен босату уақытым келдi, соттқа өтiнiш қалай жазамын?

3 жауап

+1 дауыс

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту

1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшiн жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгiленген сынақ мерзiмiнiң кем дегенде жартысы өткен соң күшi жойылуы мүмкiн.
2. Егер шартты түрде сотталған адам сол үшiн өзiне әкiмшiлiк жаза салынған қоғамдық тәртiп пен адамгершiлiкке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған органның ұсынысы бойынша сынақ мерзiмiн ұзарта алады, бiрақ ол бiр жылдан аспауы керек.
3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерiн қорлаған не оларға қатысты зорлық iс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан жағдайда, не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкiмiмен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етедi.
4. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде абайсызда қылмыс жасаған не ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам ауыр емес, орташа ауыр қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот жаңа қылмыс үшiн жаза тағайындалған кезде шешедi.
5. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде – орташа ауыр қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшiн жойып, оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдардың мiндеттерi

1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдар: 
1) тұрғылықты жерiндегi iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өтуге; 
2) iшкi iстер органдары белгiлеген уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеуге; 
3) iшкi iстер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты жерiн, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға; 
4) жұмыстан және оқудан бос уақытта iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерге бармауға; 
5) iшкi iстер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға; 
6) жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу жөнiнде шаралар қолдануға; 
7) iшкi iстер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктер мен өзге де құжаттарды беруге; 
8) iшкi iстер органдарына шақырту бойынша келуге мiндеттi. Дәлелдi себептерсiз келмеген кезде, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адам күштеп әкелiнуi мүмкiн; 
9) тұрғылықты жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында да және одан тыс жерлерде орналасқан мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Көрсетілген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін тапсырылады. 
Бұл ретте, аталған тұлғалар ішкі істер органына салық органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын тапсырады. 
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға сот оның түзелуiне септiгiн тигiзетiн басқа да мiндеттердi орындауды: 
1) алкоголизмге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өтудi; 
2) жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi; 
3) отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады. 
3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған әскери қызметшiлердiң мiндеттерi Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарымен белгiленедi. 
Ескерту. 178-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

0 дауыс
Менин кояр сурагым мен2010 ж 26 сауирде 2 жылга шартты турде соттылыгым болган. Алайда 2011 ж 2 карашада кайта сот болып соттылыгы алынып тасталынсын деген каулы шыккан. Бирак цоннан соттылыгы бар деген аныктама шыгады соны калай ошируге болады
0 дауыс
Менин кояр сурагым мен 2010 жылы 26 шы сауирде К.Р.К.К 63 бабымен 2 жылга шартты турде соттылыгым болган. Алайда 2011 ж 02
...