0 дауыс
2.3k көрілді

ертең сайыс болатын еді.Өмірің өз қолыңда тақырыбыңда таныстыру тауып бере аласысыздар маааа?немесе өмір туралы өлеңдер болса рахмет сізге алланың нұры жаусың!!!!!

1 жауап

0 дауыс


 Бұл өмір қайда барады шабыспенен?
Ерем деп сілем қатты, қамыс-денем.
Жолшыбай жоғалтыппын бар мүлкімді
ар, ұят, имандылық, намыс деген.
Жүріппін кідіріссіз сар желіспен,
сусыным шалап екен бал деп ішкен.
Білмеймін кімдер қашан айдап кетті
шырылдап бабам жиған малды өрістен.
Қысқарттым құр шабыспен қысқа күнді,
денемде тері орнында - мыс жамылғы.
Адалдық, зұлымдықты айыра алмай,
досымнан жақын көрдім дұшпанымды.
Бермеді өмір-шабыс маған тыным,
сезбедім тірлік мәнін, адам құнын,
тебініп текіректеп кете бердім,
тірілей қырықтым да анам тілін.
Табылмай құл тірлікке бір арашы,
морт сынды өмірімнің бұғанасы.
Миым - тас, жүрегім - мұң, сезімім - көн,
алдымда - ажал-шыңның құламасы.
(Фариза Оңғарсынова)


    Мана көкті қаптап
еді қара бұлт,                                                                      
Күн күркіреп қорқытып,
ұшырып құт:
Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып,
Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Бұрқыратқан екпінді дауыл еді,                                                                  
Сабап құйған
жиіркеніш жауын еді.
Қорқып-сасып, жан-жануар есі шығып,
Бәрі-ақ іздеп баспана тауып еді.
Бұлт айықты, көк жүзі болды ашық,                                                          
Бар нәрседен
қайғы-мұң кетті қашып.
Күн сәулесі жер жүзін құшақтады,
Қосылуға қашаннан болған асық.
Бейне алтындай көкте
бұлт тұр ғой жайнап,                                           
Енді жел жоқ мазалар оны айдап,
Жанға рақат гүлдерден хош иіс аңқып,
Жан беріп кең далаға, құстар сайрап.
Өмір осы - бірде ол болар бұлтты,                                                        
Қатты желді, дауылды, кейде отты.
Құрып дымың, қайғырып, жас төгерсің,
Бұлт ашылар - қайғының бәрі бітті.
(Мағжан Жұмабаев)

...