+1 дауыс
3.8k көрілді

Құрметті сайт қолданушылары тез арада көмектеріңіз керек! 8 наурыз мерекесін сынып сағатын өткізуім керек. Сынып оқушылары жұп болып сайысқа түсейк деп ұсыныс жасап еді. соған сайыстың кезеңдері қажет. Көмектессеңіздер алғысым шексіз! рахмет)!

1 жауап

0 дауыс

"8- ші наурыз - Аналар күні"

«Ана өмір шуағы»

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-ші жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың

(Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар би билеп кіреді.

Аружан:-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар!

Бағлан: -Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Диляра:- Білесің бе, Бағлан ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.

Бағлан: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады

Аружан: -Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсың?

Диляра:- дұрыс айтасың Аружан. Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айталық.

Бағлан:-  «Анашым» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Ән « Анашым»

Ажар: Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.

Аружан:      Қамқорым да сенсің ана,

Сенсің ана ақылшым да.

Ұланыңды қасыңа алып,

Бастай бер алыс шыңға.

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

Ұшамын мен саған қарай.

Мансур:Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Дияс:Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Дарина:О, анашым

Таянышым , тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Бағлан:-Құрметті аналар  біздің қыздарымыздың орындауында «Гүлдер»биі сіздерге арналады.

«Гүлдер»биі

Тақпақтар:  Амир, Таир, Алишер, Ясмин

Амир:   Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Алишер;Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.

Ясмин:Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Диляра: -Келесі әнімізді құрметті тәрбиешілерімізге арнаймыз

Ән «Көктем»

Таир, Аяжан, Арнур,Абылайхан,Абылай,Маратова

Таир:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аяжан:Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Абылайхан: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Дильназ Маратова:Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

 

Арнур:Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тілі әжем!

Абылай:Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Аружан:- Құрметті ақ жаулықты әжелер келесі әнімізді сіздерге арнаймыз

Ән « Әже»

Бағлан:- Келесі тамашалайтындарыңыз орыс биі

Би «Қасықшылар»

Тақпақтар:

Алина:Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

 

Алуа:Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

 

Аделия:Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

 Ойындар:

1. «Гүл ашылды»

 2. «Мен әдемімін»

Мақал айтысы

Аяжан--Аңсар-Аймира-Асанәлі

1. Ана ең жақын, әрі ыстық адам.

2. Ана ең аяулы жан.

3. Ана, ана, ана –не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.

4. Жақсылық атаулының барлығы да анасүтінен жаралған.

5. Ана-деген бәйтерегі өмірдің

6. Ана-деген қуанышы көңілдің.

7.Ана-деген әрбір үйдің жылуы.

8.Ана-деген асыл жандар болаттай.

9.Ана-деген-мөлдір жандар бұлақтай.

10. Ана-ол біздің елде ардақты адам.

11. Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

12. Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Бағлан: Ару қыздар біздің әніміз сіздерге арналады

Ән «Қызыл гүлім-ай»

Дильназ Максотова:Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Альмира:Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

          Адель: Наурыз күні  ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Диляра: -Келесі биіміз балабақша қызметкерлеріне арналады

«Матростар биі»

Қыздардың орындауында ән  «Көктемде»

Аналарға сыйлықтар беру.

Ұқсас сұрақтар

...