+1 дауыс
7.8k көрілді

Темекінің зияны қандай ?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Темекінің зияны
Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.

Темекі
Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына
Тамырды қатайтады (атересклероз).
Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Басқа да зардаптары
Есте сақтау қабілетін азайтады.
Көңілсіздікке душар етеді.
Ұйқыны азайтады.
Теріге әжім түсіреді.
Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.

Міне мына жерден алынды.

Мына жерге кірсең артық болмас көмек болып қалар.

Темекіге жол жоқ!

 

–2 дауыс

Өз басым былай деп ойлаймын: Темекіден гөрі арақ, сағыз, Кока-кола, Пепси-Кола, қытай лапшасының зияны ұшан теңіз. Бірақ, бәрі де кез келген дүкенде қолжетімді.

–2 дауыс

Темекі өмірді қысқартады деген жалған шығар ) 40-50 жыл темекі шеккендерде жүрғой өлмей. Шамасы жазып қойған жасыңа дейін өмір сүресің !

–1 дауыс

» Асқазан жарасы, суықтау, бронхит және тұмауға шалдығу қаупі артады.
» Өкпе құрты 24 есе артады.
» Жүрек талмасы қаупі 10 есеге артады.
» Тері өзін зиянды элементтерден қорғай алмайды.
» Тері құрты 50%-ке артады.
» Тері құрғайды.
» Жара тез жазылмайды, орындары қалады.
» Ағзаның иммунитет жүйесі бұзылады.
» Түкірік жолдары қабынады.
» Қант диабетіне шалдығу қаупі артады.

0 дауыс
Демалу қиын болады, өкпе бұзылады, қан бірте бірте бұзылады, жасы қысқарарады
0 дауыс

темекінің ең жаманы өкпені құртады

0 дауыс

Адамның ас қазанын және ас қорытуын нашарлатады.

0 дауыс
Осыған қарап ойлан бауырым.
...