Интернет арқылы қаражат табушылар көп. Ешқайсысына да қандай да біржақты көзқараспен пікір айтқым келмейді. Мәселе нәтижеде ғой. Ал, кім қандай жолмен жұмыс жасап жатыр және нәтижесі қалай ол әркімнің жеке шаруасы болсын. Мәселен, біз интернет арқылы жарнама жұмыстарына қаржыны көп жұмсаймыз және клиентті де интернет арқылы табамыз.
Біздің бірнеше компания қазір интернет арқылы тікелей гугл және яндекс іздеу жүйелерімен ақылы және тегін қызметтерін пайдаланып жұмыс жасап келеді. Әр айда түсетін таза пайда құны, орта есеппен бірнеше млн теңгені құрайды. Бұл сома өлді деген сезонда, кей айларда бұл көрсеткіш шарықтап кетеді. Яғни айтпағым мынау: интернет деген бқл құрал ғана, нақтырақ жарнама және өз тауар, қызметіңізді таныстыру құралы. Уақыт үнемдейді, колжетімді және арзан, жаңа технология деп тағы бір пункт қосыңыз.
Ал, клик арқылы тиын жасап жүргендер болса, ол адамдар алтын уақыттарын босқа құртып, біреу үшін жұмыс жасап жүр деп тұжырымдаймын.