0 дауыс
3.5k көрілді

Шәкәрім Құдайбердіұлының осы өлеңі керек еді. (ақындарға; кәрілік туралы екеуі екі бөлек па түсінбедім) осы өлеңді тауып беріңіздерші

Сұрақтың жабылу себебі: Бұл сауалдың дауасы табылды. Жаппасам басқалар балл үшін басқа сайттардан жарыса көшіріп қырпышақ болады.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

10 оқитын сияқтысыңғо. Ақындарға. Кәрілік. екеуі екі бөлек. қазір соны іздеп отырғанмын))) (тапсам салп жіберем) 

ақындарға
Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.

Қауымның қалауына тап келгендей,
Болғанын, болашағын айт көргендей.
Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,
Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын бойкүйезді жан бергендей.

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.

Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.

Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай.
рахмет))) атыңыз таныс қо)) мен таба алмадым барлық сайтты издеп шықтым
Кәрілік туралы

Бар болса білім,
 Сен сөйле, тілім,
 Жан менен дене бірінде.
 Ойласаң, көңіл,
 Өзіңе жеңіл,
 Қайратың қалың күнінде.
 Жас көңілде жарық бар,
 Кәріде кемдік анық бар.

 Не шықпас жастан,
 Қайтпайды тастан,
 Ізденуге күшің бар.
 Сайрандап жүріп,
 Сансызды біліп,
 Қалыпсыз, қызық ісің бар.
 Жастықтан қызық іс болмас,
 Кәріде ақыл, күш болмас.

 Қайратың қалып,
 Ақылдан танып,
 Кәрілік келсе басыңа,
 Кәдірің кетіп,
 Заманың өтіп,
 Жан жуымас қасыңа.
 Кәрілік деген жұмыс бар,
 Артында таяу бір іс бар...

 Азайып күшің,
 Саудырап тісің,
 Шалбардай болып бет кетсе,
 От басын бермей,
 Үй ішін көрмей,
 Сүйегің қалып, ет кетсе,
 Тізеңді бүгіп ие алмай,
 Киімің жөндеп кие алмай...

 Қуарып мұртың,
 Суалып ұртың,
 Түздегі қу бас жақтанып.
 Тұра алмай жатып,
 Былшылдап, шатып,
 Өткен күнді айтып мақтанып.
 Жарығың өшіп көңілден,
 Кәрілік жаман өлімнен.

 Қызарып көзің,
 Езіліп сөзің,
 Жастығың түсіп ойыңа.
 Иекпен шайнап,
 Тіліңмен айдап,
 Жеген ас жұқпай бойыңа.
 Ет жеген сайын қақалып,
 Әз өлімге тақалып.

 Бүгіліп белің,
 Таусылып әлің,
 Аяқ пен белің құрысып.
 «Кәрі итім, шат»— деп,
 «Сөйлемей жат»—деп,
 Қатының кетсе ұрысып.
 Өлмегенге қара жер,
 Онан да өзің бара бер.

 Қайғы емес қаза,
 Болмаймын наза,
 Ноқталы басқа бір өлім.
 Туған жан өлмек,
 Тағдырға көнбек,
 Кімді алмайды бұл өлім.
 Шал болмай-ақ өлейік,
 Алла ісіне көнейік.

 Қызусыз тәнің,
 Сезімсіз жаның –
 Болады кәрілік белгісі.
 Оны да сезбей,
 Үмітін үзбей,
 Келмейді шалдың өлгісі.
 Алпыстан әрі бармаңдар,
 Байқамай шал боп қалмаңдар
рахмет, Кәрілікті іздеп жатқам)))
...