+1 дауыс
531 көрілді
Ғылымға белгісіз 11 метрлік жануар пілдермен қоректенеді АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған Лох-Несс суларындағы құбыжықтан асып түсетін айуанды жуырда ғана африкандық аңшылар көріп, оған Мокеле-мбебе деген ат қойған екен, деп хабарлайды Лента-ру. Аңшылардың айтуынша, олар қазіргі ғалымдар динозавр деп жүрген жануарларға ұқсайтын көрінеді. Мокеле-мбебелердің денесі ұзын, түсі сұрғылт-қоңыр, мойны жіңішке әрі ұзын, бойының биіктігі шамамен 11 метр болады. Олар негізінен Конго өзені жағалауындағы үңгірлерде, джунглиде тіршілік етеді. Сол жерлерден табылған сүйек-саяқ пен басқа да қалдықтарға қарағанда, бұл құбыжықтар пілдермен, қолтырауындармен және гиппопотамдармен қоректенетін көрінеді. Американың зерттеушілері жергілікті тұрғындардың алып-қашпа әңгімелерін өз көздерімен тексеріп шығу үшін африка джунглилеріне сапар шекпек. Динозаврлардың «тірі қалған туыстарын» зерттейтін экспедиция осы жылдың маусымына жоспарланып отыр. Экспедиция мүшелерінің бірі Стивен Маккуланың айтуынша, бұл сапар африканың ит тұмсығы өтпейтін ормандарында ешкімге беймәлім флора мен фауна түрлерін кездестіруге бастама болуы ғажап емес. «Біз сол өңірден тайыншадай өрмекшілерді көрген адамдардың әңгімесін естідік. Үш айға созылатын бірінші сапарымызда Мокеле-мбебені кездестіре алмасақ та, оның шынымен сол өңірде өмір сүретіндігін дәлелдейтін маңызды айғақтар табатынымызға сенімдіміз», - дейді ол. Ақпарат мына жерде: http://inform.kz/kaz/article/2458243

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Журналисттердің кезектігі өтіріктерінің бірі ғой. Лох-Несс құбыжығын көрген бір де бір адам жоқ. Бірақ, атағы жер жарады 

0 дауыс

Мақаласы оқылу үшін құлаққа тепкен шығар.

+1 дауыс

Динозвардің пілді жегені қызық екен.Ондайды естуім жоқ.

...