+2 дауыс
1.5k көрілді

Қазіргі кезде жұмысқа орналасу қиын мәселе болып отыр. Жұмыс іздеген сайын алдымнан қайта қайта сетевой маркетинк шыға береді. Осы жұмысты бастаған дұрыспа? Қайсысына кірген дұрыс? Алдын ала рахмет)))

7 жауап

+1 дауыс

Сетевой маркетингке кіріп бір танысым пол жуып кетті.

0 дауыс

Казир заман киын бари пара алумен гана жумыска алады,Егер жумыс керек болса жарияга жибериниз,Мумкин одан тук шыкпаса газеттен караныз,Казир пол жугыш болуда киын ол ушин сиз ол кисинин туысы немесе жакыны болуыныз керек,

0 дауыс

Сетевой маркетингтің жақсысы - Орифлейм. Аты - тегі белгісіз компанияларға жоламау керек.

0 дауыс
Menin de basym katyp jur nemen ainalyssam bolady dep. Omir suru kiyndap ketti
0 дауыс

Men TelexFree degen companyada jumis jasaimyn...2002 jily ashildy..bari legalnii, ozinin iuristeri bar jane banki bar companyanyn..Braziliyada jane Americada odisteri bar..eshkimdi shakirmaiak ta jumis jasauga bolady..mgn hbrlasynizdar: skype: e251199 i sot. telephone:+77777516556..http://vk.com/id179068680

+2 дауыс

Мен өз басым сетевой маркетингтің идеясын қолдаймын. Бұл сетевой маркетингпен айналысып жатқандар мен олардың ісін қолдаймын деген сөз емес. Өзіме белгілі плюс және минус жақтарын айтып кетейін.

Жалпы, сетевой маркетинг аты айтып тұрғандай, бір-бірімен байланысады, желілік топологиясы әр түрлі болып келеді, кең танылғаны - пирамида. Пирамида - бұл көптеген басқару жүйелерінде кездеседі. Түсінікті болу үшін: қарапайым бір мемлекетті басқару үшін де, ең басында отырған президенттен бастап, төмен қарай пирамидалық жүйемен кетеді.

Қазірде қоғамда желілік маркетингтің өте көптеген түрлері бар. Неге олардың түрі көп? Себебі, өзінше сетевой маркетинг системаларын бастап кететіндер көп. Оның арасында расымен ақ ниетпен бастағандардан бастап, біреудің қалтасын тонауды ойластырғандар, жұмысын дұрыс жүргізіп жатқандар мен дұрыс жұмыс жүргізбей жатқандар деп кете береді.

Бұл рисктік жұмыс деп ойлаймын. Ең бірінші, уақыт үшін риск. Екінші, кей сетевой маркетингшілер қосылу үшін, қаражат талап етеді. Ол қаражаттың жоғалып кету ықтималдығы да бар. Кей адамдар бұған амалсыздан не болмаса өзі түсінбей қосылып кетеді. Сол себепті бұл адамдарда жаңа өмірлік қиыншылықтар, әрине қаражаттың тапшылығына байланысты туындалу ықтималдығы бар.

Сонымен, бұл жұмыс түрі, орысша айтқанда "самостоятельный" адамдарға арналған деп ойлаймын. Сетевой маркетингтен расымен нәтиже алғысы келетін адамдар, оны бастамас бұрын:

- Қаражат жағынан аса тапшылығы жоқ (тамақ, жол-пұлына, киім-кешегі мен тұрғылықты жері бар). Өмірге деген көзқарасы позитивті. Айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста. Жақсылық пен әділдікке жақ. Ұсақ-түйек үшін нервын құртпайды. Басқалар жасамай жүрген істі жасайды және соның арқасында басқаларда жоққа иелік етеді.

- Контрольға берік, ол: күнделікті 24 сағатының әр бөлігін жоспармен пайдалы істерге жұмсайды; денсаулығына қарап жүреді; күнделікті тамақ режимін жақсы қадағалайды, оның ішінде калория, май, белок, көмірсу т.с.с. белгілерге мұқият; қаражатын алдын ала жоспарлайды, кіріс-шығыс қаражатты есептеп отырады, бірнеше таза пайда көзін жасап алған (айлықтан айлыққа үміттенбейді, қосымша қаржы кірісін әзірлеген); айналасындағы адамдарға қамқор, тым болмағанда позитивті, пайдалы сөздерімен қолдау білдіреді. Егер қарапайым осы қасиеттер адамда болмаса, ол сетевой маркетингке кіргенде, қиналып қалу ықтималдығы жоғары екен.

Сонымен қатар, сетевой маркетинг ұсынатын тауарлар. Олар адамға шынымен пайдалы ма, соны зерттеу қажет. Оның адамға деген шынымен пайдасы бар ма, оның өтімділігі мен сұранысы қандай, сапасы қандай, бағасының айырмашылығы қандай. Бұларды біреудің сөзімен емес, өзіңіз көз жеткізіп барып, басқаға ұсынған лазым болар. 

Өз ойымша, бұл жұмыс түрін бастамас бұрын, ол істің заңдылығына көз жеткізу қажет, адамда басқа да қаражат кіріс көзі болуы керек. Сетевой маркетингтен нәтиже шықпай қалу ықтималдығы қашан да жоғары, сол себеті, жақсы  емес нәтиже болғанда, еш өкінбей оңай сытылып шығу үшін. Бұл сөзім, осы жұмыс түрі бастап тастай салатын нәрсе емес, нәтижесі айлап, жылдап барып келуі мүмкін екендігін ескертеді.

0 дауыс
сетевой маркетингке жоламаңыздаршы/
...