+1 дауыс
10.5k көрілді

Мен де географиядан сұрақ беріп көрейінші. "Бетпақдала" деген сөз не мағына білдіреді?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Үстіртті шөлдер, жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездесетіндіктен осылай аталады.
0 дауыс
Бетпақдала сөзі -батпақ және дала сөздерінен құралған. Бір жерден солай оқығаным бар еді. Және Қазақта "бетпақ" деген байырғы сөз бар. Оның мағынасы бетсіздік. Ұятсыз, бетсіз адамды, әсіресе әйелді, ауылды жерде күні бүгінге дейін "бетпақ" деп ұрысады. Мұның арғы негізі "бет" және "бақ" деген екі сөзден құралады. "Бет" - кәдімгі бет, "бақ" - бағу, қаару. "Бетпақ" деген сөз "бет бақтырмайтын ұрысқақ" немесе "бет қаратпайтын суық, бет қаратпайтын ыстық" деген ұғымнан болуы керек. Өйткені, Бетпақтың төңірегін мекендеген елді сан ғасыр бойына бет бақтырмай, ішіне кіргізбей келгендігі рас.
Минустарды жайша қойдыңыздар ма? Әлде жауабым қате ма?
0 дауыс

Сәлем. Мынау Уикипедия Ашық Энциклопедиясынан алынған мәлімет:

                    Шу өзенінің терістігі мен Сарыарқаның арасында жатқан тылсым даланы халқымыз ертеден-ақ Бетпақтың даласы деп келген: жазы ыстық, қысы қатал сусыз, табиғаты өмір сүруге қолайсыз болғандықта да Бетпақтың даласы атанғандығы өзінен-өзі белгілі сияқты. Қазақта "бетпақ" деген байырғы сөз бар. Оның мағынасы бетсіздік. Ұятсыз, бетсіз адамды, әсіресе әйелді, ауылды жерде күні бүгінге дейін "бетпақ" деп ұрысады. Мұның арғы негізі "бет" және "бақ" деген екі сөзден құралады. "Бет" - кәдімгі бет, "бақ" - бағу, қаару. "Бетпақ" деген сөз "бет бақтырмайтын ұрысқақ" немесе "бет қаратпайтын суық, бет қаратпайтын ыстық" деген ұғымнан болуы керек. Өйткені, Бетпақтың төңірегін мекендеген елді сан ғасыр бойына бет бақтырмай, ішіне кіргізбей келгендігі рас.

–1 дауыс

Бір сөзден айтқанда ешқандай жәндік,өсімдік,адам жоқ деген.

Сөздің мәніне түсінбей не болса соны беталды жаза беруге болмайды.
онда өсімдік болады ғо
0 дауыс

Бетпакдала дегеніміз ол кең дала,шөл дала  деген мағына береді

–1 дауыс

Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды,Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км² шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 — 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты.Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеогенкезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12—140С, шілдеде 24—260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100—150 мм. Қардың қалыңдығы 10—15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10—30 м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен,алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала — көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған.[1]

Сұраққа мүлдем қатысы жоқ көшірме.
Уикепедиядан бәрі қарай алады ғо
0 дауыс
Бетпақдала кең, шөлді дала. Қазақстанның физикалық картасынан қарасақ ол Жамбыл облыысының үстінде орналасқан. Ол жерден аздаған киіктерді кездестіруге болады. Себебі киіктер тым азайып бара жатыр.
0 дауыс
Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Ол кең, шөлді дала. Қазақстанның физикалық картасын қарасақ бетпақдала Жамбыл облысының үстінде тұр. Ол жерден аздаған киіктерді кездестіруге болады. Себебі киіктер саны азайып кетті.
...